Танымал отандық тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің сенатор болып тағайындалуына қатысты пікір білдір...
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек берген қайырымдылық қор басшысы ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады madeniportal.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктеліп отыр. Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды, – деп қосты ведомство.
Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге Mercedes-Benz S450, 80 млн теңгеге Lexus LX-600 және 39 млн теңгеге Haval автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражаты есебінен Перизат Қайрат Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы St. Regis, Shangri-La, Palazzo Versace және Kempinski сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол Cartier және Louis Vuitton сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарын сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.
Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Осылайша, Перизат Қайрат өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді, және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салды, – деп толықтырды агенттік.