Астанада алғаш рет атақты суретші Пабло Пикассо көрмесі шымылдығын түрді. Ұлттық музейде оның тың ту...
Ақтауда футбол қақпасы құлап кеткен қызға пластикалық ота жасалады
Фото: ulysmedia
Ақтауда басына футбол қақпасы құлап кеткен 12 жастағы қыз балаға пластикалық ота жасалады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz. тілшісіне сілтеме жасап.
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, Әнелдің жағдайы жақсы. Көңіл-күйі орнында, көпшілік қолдауының арқасында рухы сынбаған.
“Қысқасы бәрі жақсы, бірнеше айдан кейін оған пластикалық операция жасайды, солай қыздың бетіндегі тыртық кетеді” деді блогер.
Оның сөзінше, ол үшін қыздың жарақатына жанама кінәлі мердігер реабилитацияға байланысты міндеттемелерін толық орындауы керек.
Бұған дейін Азамат Сарсенбаев футбол алаңының конструкциясы мердігерлер арқылы бөлшектенгенін, оның ішінде жерде жатқан қақпалар да барын айтқан. Балалар қауіпті сезбей, ойын үшін қақпаны көтерген, бірақ ойын кезінде құрылғы құлап, қыз балаға ауыр жарақат келтірген.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері қыз бала жабық бас-ми жарақатын, маңдай сүйегінің сызықтық сынуын, мидың орташа дәрежедегі соққысын және маңдай аймағындағы жарақат алғанын хабарлады.