Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің келіні жайлы күтпеген сыр айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1911

Жазира Байырбекова Жаңаөзен қаласында өткен Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің құдалығына арнайы барған. Әнші өзінің Instagram парақшасында ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгін Сәкен мен Динараның ұлы Әділеттің құдалығындамыз. Жаңаөзен қаласында отырмыз. Ең қызығы, осыдан 20 жыл бұрын осы әулетке Жанболат екеуміз қонаққа келіп, ән айтыппыз. Ол кезде Әдия енді ғана туған, бөпе екен. Өмір қандай?! Міне, достарымыздың келіні болып шықты. Енді құда болып келіп отырмыз»,– деді Жазира Байырбекова.

Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева да «өмірдің тосын сәйкестіктеріне» таңданысын жасырмады.

«Өмірде осындай сәйкестіктер көп болсын. 20 жыл бұрынғы таныстықтың осындай құдалықпен жалғасуы – үлкен тағдырлық байланыс»,– деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...