Мәдениет министрлігі Қазақстанның негізгі туристік орындарын атады

ТУРИЗМ
1691

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туристер үшін инфрақұрылым қамтамасыз етіліп жатқан Қазақстанның ТОП-50 туристік орындарын атад

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша туризмді дамыту мақсатында Үкімет тарапынан елімізде осы салаға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарлама мақсаты - ТОП-10 және ТОП-50 жобаларын құру арқылы өңірлер ұсыныстарымен инфрақұрылымды қамтамасыз ету», - делінген аталған министрліктің «ҚазАқпаратқа» берген жауабында. Атап айтқанда, ТОП-10 жобаға Балқаш пен Алакөл жағалаулары, Шарын шатқалы, Алматы өңірінің тау кластері, көне Түркістанды қалпына келтіру, Ащысор туристік аймағы, Бурабай, Имантау-Шалқар және Баянауыл курорттық аймақтары, «Көшпелілер тарихы» орталығы еніп отыр. Ведомство мәліметіне қарағанда, ТОП-50 туристік орындары мен жобалары Қазақстанның әр өңірін қамтыды. Астанадағы нысандар: Елорданың сәулеттік-мәдени нысандары (Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы мен басқа да нысандар), «Нұр әлем» музейі, "АЛЖИР" музей-мемориалдық кешені, Медициналық кластер, Білім беру кластері, Ғарыш музейі, Аквапарк, Халықаралық туризм университеті. Ақмола облысында: Бурабай курорттық аймағы, Зеренді курорттық аймағы, Балалар-жасөспірімдер туризмі кластері. 

Алматыда: «Медеу» спорт кешені, «Шымбұлақ» курорты, Үлкен Алматы көлі, Көктөбе саябағы, Алматының мәдени нысандары, «Көкжайлау» курорты.

 Алматы облысы: Қапшағай су қоймасы, Көлсай көлдері, «Алтынемел» ұлттық паркі, Іле-Алатау ұлттық саябағы, «Қорғас» халықаралық орталығы, «Happyland» паркі, Үлкен Алматы каналы. 

Ақтөбе облысында: Қарғалы су қоймасының курорттық аймағы. 

Атырау облысында: Орта ғасырдағы Сарайшық кешені. 

Шығыс Қазақстан облысында: Катонқарағай ұлттық паркі, Алтайдың тау шаңғысы кластері, Рахман қайнары. 

Жамбыл облысында: «Ақыртас» сарай кешені, «Қарахан» кесенесі.

 Батыс Қазақстан облысында: Бөкей ордасы тарихи-музей кешені, Балалар-жасөспірімдер туризмі кластері. 

Қарағанды облысында: Қарқаралы курорттық аймағы, «Ұлытау» тарихи-мәдени кешені.

 Қостанай облысында: Алтынсарин ауданының курорттық аймағы, Аңшылық туризмі кластері.

 Қызылорда облысында: Қамыстыбас көлі курорттық аймағы, Жаңақорған курорттары, «Байқоңыр» ғарыш айлағы.

 Маңғыстау облысында: Ақтау жағажай аймағы, «Кендірлі» курорттық аймағы, Тарихи-мәдени туризм бағытындағы нысандар. 

Түркістан облысында: Сайрам-Өгем табиғи паркі, Сарыағаш курорттық аймағы, Тарихи-мәдени туризм бағытындағы нысандар, «Қасқасу» тау-шаңғы курорты.  


author

Арыстанбек Мұхамедиұлы

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...