Әлем жұлдызы Джеки Чанның Алматыға не үшін келгені белгілі болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
978

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келгенін растап, қазақстандық серіктестерімен фото жариялады.Өнер иесінің Қазақстанға келуінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Джеки Чан Facebook парақшасында қазақстандықтармен фото жариялап, Қазақстанның оңтүстік астанасына жұмыс сапарымен келгенін растады.

"Алматыға локацияларды зерттеу үшін бардым. Salem Entertainment ұжымына асқан қонақжайлылық үшін алғыс айтамын", - деген жазба қалдырды актер.

Қазақстандық медиакомпания Instagram-дағы парақшасында әйгілі Джеки Чанмен жұмыс кездесу өткенін хабарлады.

"Salem Entertainment қабырғасында әлемдік кинематография аңызы – актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті. Біз ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады", - деп жазды компания өкілдері.

Жобаның басқа мәліметтері әзірге құпия болып отыр. Алайда компания өкілдері көрермендерді алда ғаламат жаңалықтар күтуде екенін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған зымырандар мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...