«Kazakh Tourism» компаниясына жаңа басшы келді

ТУРИЗМ
2558

Бисақаев Өркен Серікқалиұлы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Мәдениет поралы" МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бисақаев Өркен СерікқалиұлыБүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымға жаңа басшыны таныстырды. Бисақаев Өркен 1977 жылғы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (Экономика және менеджмент, инженер-экономист), 2010 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (Заң мамандығы) тәмандаған. 2000-2007 жылдары қазақстандық және шетелдік компанияларда түрлі лауазымдарда қызмет етті. Түрлі жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Маңғыстау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және Туризм басқармасының басшысы болды. Соңғы лауазымы - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту мақсанда, туристік нарыққа қолдау көрсету мен оны біріктіру үшін ҚР Үкіметі қаулысымен 2017 жылдың шілдесінде құрылған еді. Компанияның негізгі жұмыс бағыттары - Қазақстанды шетелде жарнамалау, нарықтың компетенциясын көтеру және туристік салаға инвестиция тарту болып табылады.

madeniportal.kz

author

Арыстанбек Мұхамедиұлы

ҚАЙРАТКЕР

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...