Алматыда ағайынды екі жігіт пәтер тонап жүр деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
464

Алматы қаласына басқа өңірден келген ағайынды екі жігіт пәтер тонаумен айналысып жүр деген күдікке ілінді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алматының полицейлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың ізіне түсіп, олардың жолын кесті. Олар жылдам әрі алдын ала ойластырылған тәсілмен әрекет еткен. Қаланың таулы аудандарындағы бірінші және екінші қабаттағы пәтерлерді нысанаға алып отырған.

Қылмыстық схема бірдей болған: терезе торын бұзып кіру, үй ішін жедел тінту және бағалы әрі шағын заттарды қолды ету. Осылайша олар санаулы минуттың ішінде ізін суытып үлгерген.

Алайда қылмыскерлер жауапкершіліктен құтыла алған жоқ.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың кемінде бес пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

 

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...