АЭС-ті Семей полигонына салу ұсынылды

Фото: casp-geo.ru

Жаңалықтар
180

Сенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті Семей полигоны аймағына салуды ұсынды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Үкімет басшысына жолдаған сауалында Лукин атом электр станциясын Абай облысы Курчатов қаласында салуды ұсынды. Оның айтуынша, Семей ядролық полигоны болған уақытта атом энергетикасы бойынша ғылыми орталықтар жұмыс істеген. 

Бұл орталықтар әлі де қызмет атқаруда, тіпті қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығып отыр.

«Атом энергетикасын дамытуда Курчатов қаласының рөлі маңызды. Қала сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан, дамыған желілік инфрақұрылым бар және энергетикалық қуатты апаттық жағдайда резервке алу мүмкіндігі жоғары. Станция салуға ғылыми-техникалық қолдау көрсететін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, радиоактивті қалдықтарды сақтауға қажетті ресурстар жеткілікті, су тапшылығы да болмайды», – деді депутат. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...