ХАМАС Иранның шабуылынан кейін Израильден бітімгершілік талап етті

Фото интернеттен

Жаңалықтар
461

Палестинаның ХАМАС ұйымы Израильге алты апталық атысты тоқтату туралы талап қойды. Бұл туралы Times of Israel газеті мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Мақала авторларының жазуынша,  мұндай мәлімдеме делдалдарға 2023 жылдың 7 қазанынан бастап ХАМАС ұйымы кепілге алған адамдарды босату туралы келіссөздер аясында жасалған. Яғни ХАМАС-тықтар кепілге алған адамдарын Израиль соғысты тоқтатса ғана жібереміз деген талап қойған. 

"ХАМАС делдалдарға кепілге алынған адамдарды босату туралы ұсыныс жасады, онда Израильден алты апталық атысты тоқтатуды талап етеді", — делінген материалда. Басылымның мәліметінше, ХАМАС өз талаптарын орындау шартымен 129 кепілге алынған адамды босатуға дайын.

14 сәуірде ХАМАС Газа секторында атысты тоқтату туралы израильдік ұсыныстан бас тартты. Премьер-Министр Кеңсесі мен "Моссад" барлау басқармасының мәлімдемесінде Израиль кепілге алынған адамдарды Газадан тезірек қайтаруға ниетті екендерін атап өтті.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...