М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстанн...
Черчесов мерзімінен бұрын қызметінен босатылса, елімізге айыппұл салынады
Фото: КФФ
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов мерзімінен бұрын қызметінен босатылған жағдайда - елімізге салынатын айыппұл мөлшері 1 миллион еуроға бағаланады, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) басшылығындағы ықтимал өзгерістер мен президент Әділет Бәрменқұловтың отставкаға кетуі мүмкін екендігі туралы келісім-шартқа 2024 жылдың жазында қол қоймас бұрын алдын ала «өз жағдайын шешіп» алған.
Legalbet айтуынша, Черчесов өзінің жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандарды, оның ішінде Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерін тартуды талап еткен.
Еске салайық, бұған дейін Черчесов қазақстандық журналистің мемлекеттік тілде қойған сауалына: «Сіз французша сөйлеп тұрсыз ба?» деген кекесінді сұрақпен жауап беріп, жергілікті халықтың тілін менсінбейтінін ашық көрсеткен болатын.
Ресейлік «маманның» мәлімдемесі Қазақстан халқының ашу-ызасын тудырды. Сонымен қатар, оның мұндай «кеудемсоқ» мәлімдемесі бірнеше рет қайталанды. 15 қазанда Туризм және спорт министрлігі ҚФФ-дан Черчесовтің қазақ тіліндегі сұраққа қатысты мәлімдемесіне қатысты түсініктеме талап етті.
Айта кетейік, сонау маусым айында Черчесов Қазақстан футбол құрамасының жаттықтырушысы болып тағайындалғаннан кейін ҚФФ атқару комитетінен бірден сегіз адам кетті.
Бүгінге дейін Черчесовтің жетекшілігімен Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт ресми матч өткізсе де әлі күнге дейін есепті «түзеткен» жоқ. Ол келгелі еліміз «0»-ден басқаны көрген жоқ, әзірге тебемізге «тыштырып» отырған Черчесовтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы көктеп-көгеріп кете қойған жоқ.
16 қазанда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Станислав Черчесовке тілді құрметтеп, ұжымға құрметпен қарау жолын нұсқады. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесовке қазақтілді журналистпен болған оқиғадан кейін айыппұл салынды.
Ол Қазақстан құрамасына келе салып: «Қазақстан - орыстілді мемлекет» деп айды аспанға шығарды.
Сонымен қатар Сенат отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Черчесовтің басшылығымен құрама қарсыластарына бірде-бір гол салмай антирекорд орнатқанынкөпшілікке жариялаған болатын.