Әуезов театрының актрисасы Баян Имашева өмірден өтті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4481

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов театрының актрисасы Баян Имашева қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Театр ұжымы марқұмды еске алып, туған-туыстарына көңіл айтты.

«Бойындағы сахна шеберіне тән ойлылылық пен даралық, театрға, өнерге деген адалдығы - қазақ театр өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүзден аса рөл мен қазақ тарихындағы сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдатты.
Өнегеге толы өмірінде, өнерге арнаған саналы ғұмырында актрисаның қазақ театры мен киносына, мәдениетіне қосқан үлесі өлшеусіз деп білеміз», - деп жазды М. Әуезов театрының әлеуметтік желідегі парақшасында.


Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...