Бүгін Отан тарихы мен ел тарихын сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналған Natio...
Құны 120 миллион тұратын дрондар енді елімізде өндіріледі
Фото: istockphoto.com
Үкіметтегі баспасөз брифингінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіретін дрондардың бағасын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов елде қытай дрондары өндірілетінін жеткізді.
«Бұл – пилоттық жоба. Елімізде Қытай дрондарын өндіреміз. Жұмысты қазақстандық фирма істейді. Бір дронның бағасы – 120 млн теңге төңірегінде. Оның қандай ерекшелігі бар? Дрон 150 метрге дейін көтеріліп, өртті сөндіре алады. Оны кез келген өрт сөндіруші көлікке жалғап, «рукавын» тартып, өрт сөндіру жұмысын істей алады. Біз үшін бұл - үлкен тәжірибе. Ары қарай тағы да жетілдіреміз. Алматы қаласында да биік ғимараттар бар. Біз оларды (дрондарды енгіземіз). Ол да әлемдік тәжірибе», - деді ол.
Министр өз сөзінде өндіруші фирма өрт сөндірушілерге дронды басқаруды үйрететінін айтты.
«Иә, жаңағы фирма келісімшарт бойынша біздің қызметкерлерді (дронды пайдалануды) үйретеді», - деді Әрінов.
Айта кетейік, осыған дейін министр елімізде көпқабатты үйлердегі өртті сөндіру үшін алғаш рет дрондар қолданылатынын айтқан болатын.