Спортшыларымыз жеңілсе, жауапкершілікті Алла Тағалаға іле салатын болды – Мұхтар Тайжан

Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Спорт
452

Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы видео жариялап, өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжан қазақ боксшыларының, жалпы спортшылардың жеңілген кезде жауапкершілікті өздеріне алғысы келмей, "Алла Тағалаға іле салады" деп айыптады. 

Неге біздің боксшылар, басқа да спортшылардың барлығы жеңілсе, "Бәрі Алланың қолында" дей береді? Ана жолы есімде, көкпардан біздің құрама қырғыздардан ұтылып қалған кезде, біздікілер "Дұғада болайық" деп айта салды. Дұғада болғың келсе, мешітке бармайсың ба? Дұға қылатын жер сол ғой. Рингте жеңіліп қалса, "бәрі Алланың қолында" дейді. Көздерінде от жоқ. Меніңше, бұл бар жауапкершілікті Аллаға іле салу. Сонда бәріне Алла Тағала ғана жауапты ма? Сен жеңілсең, сенің жеңілісің емес, Алла Тағаланың қалауы екен. Мен мұндайды түсінбеймін, - дейді Мұхтар Тайжан. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...