Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Фото: qazaqstan.tv

Медицина
388

Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түсті. Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. 

Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды. Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда. 

Жаңалықтар

“Көреміз” бағдарламасының журналисті Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасына виде...

Жаңалықтар

Cиноптиктер ертең, 25 қарашада еліміздің он екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп...