Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана

КІТАПХАНА
2409

Облыстық әмбебап кітапхана  1973 жылы 12-қыркүйекте Маңғыстау облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша ашылды. Алғашқы ұйымдасу кезінде 2 адамнан ғана (Аксельфельд Т.Л., Кравченко Г.И.) тек кітап қорын жинақтаудан бастады. Алғашқы кітапхана директоры болып физика-математика маманы Әшімбаева Нәйла Закирқызы тағайындалды.1976 жылы  халықты рухани азықпен қамтамасыз ету үшін және олардың талап-тілегін қанағаттандыруда елеулі бетбұрыс болып, облыстық мәдениет басқармасының «Мемлекеттік көпшілік кітапханаларын халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің орталықтанған жүйесіне көшіруге дайындау жайында» бұйрығы болды.Соған байланысты Бейнеу, Ералы, ал кейінірек Мұнайлы аудандары ашылып,  аудан көлемінде халықты рухани қамтамасыз ету үшін кітапхана тораптары құрыла бастады.

Кітапханаларды орталықтандыру ісі 1980 жылы аяқталды. Сол кезеңдерде осы жұмыстардың бастауында облыстық кітапхана қызметкерлері Үмбетова А.С.,  Ибраева С.И., Искакова З., Костина В.В., Остапенко О.П., Нам И.Б. т.б. тұрды.
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-ға жуық мерзімді басылымдар бар, аудан, қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.
Кітапханаға жылына 20 000-ға жуық оқырман қабылданып, оларға 400 000-ға жуық баспа басылымы беріледі. Жыл сайын кітапхана қоры 3 млн-ға жуық теңгенің кітап және баспасөз материалдарымен толықтырылады.
Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген, кітап қорын электронды каталогқа енгізу басталып, РАБИС бағдарламасы орнатылған, интернет желісіне қосылған.
Кітапхана «Арман» жастар орталығымен, қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен,
әскери бөлімдермен байланыс жасап, оқырмандарды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әр түрлі кештер, кітап беташары, конференциялар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретн азаматтарға арналған бөлімінде арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі- нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Бұл бөлімде арнайы АИС СБ РК бағдарламасы жұмыс жасайды.

Кітапхана қызметкерлері жыл сайын республикалық конференцияларға қатысып, өз білімдерін жетілдіруде. Осы ұжымға көп жылдар бойы  мәдениет саласында қажырлы еңбек еткен Ақжарқын Сидағұлқызы Үмбетова басшылық жасап, құрметті еңбек демалысына шықты.
Қазіргі күні Маңғыстау облыстық кітапханасын Айтуарова Зәуре Жаншақызы басқаруда. Қазіргі таңда ұжымда барлығы 35 кітапхана қызметкері еңбек етеді.  

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...