«Мырзатай Жолдасбековтың мемориалдық кітап коллекциясы» залы

КІТАПХАНА
1053

2015 жылдың 22 қаңтары күні «Мырзатай Жолдасбековтің Мемориалдық кітап коллекциясы» залы ашылды.
        Академик Мырзатай Жолдасбековтың жеке кітапханасы ақпараттық, мәдени және білім беру міндеттерін орындауды талап етеді. Негізгі міндеттері: пайдаланушыларға, сол қатарда ғалымдарға, магистранттарға ақпараттық-библиографиялық қызмет түрлерін ұсыну; мәдени-көпшілік шаралар (кітап таныстырылымы, әдеби сағаттар, күй өнерін насихаттау, т.б.) өткізу. М. Жолдасбеков кітапханасының қорында 6 641 дана (5685 аталым) кітап, кітапша болса, сол қатардағылар: 1041 дана кітап белгілі қаламгерлер, ақындар және дипломаттар қолтаңбасымен; 773 дана (690 аталым) орыс тіліндегі кітаптар; 415 мемориалдық экспонаттар (кәдесыйлар, портреттер, дипломдар, сертификаттар, медальдар, монеталар, т.б.); 908 (368 аталым) аудио, бейнематериалдар, грампластинкалар мен открыткалар. 692 мерзімді басылым. Барлығы – 9 426 дана (8162 аталым). Кітапхана қоры әрі қарай толықтырылатын болады. 
Бұл акция азаматтық, мемлекеттік ұстанымды көрсетудің ерекше үлгісіне айналатынын атап өтуіміз керек. М. Жолдасбековтың жылдар бойы жинақтаған жазба байлығын кітапханаға табыстауы ел-жұртты еліктіріп, қоғамдық көзқарасты қалыптастырып әрі өзінің лайықты орнымен жалғасын табуы үшін тамаша үлгі болуға тиіс. Ерікті түрдегі бұл акт Ұлттық академиялық кітапхананың қорын толымдап, өскелең ұрпақты тәрбиелеу әрі оларға білім беру саласындағы өлшеусіз үлес болып табылады.     
Өз кезегінде, Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері ұстаз, ғалым М. Жолдасбектың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіш әзірлеп ұсынды. Көрсеткішке қаламгердің кітаптары – 35; 1960-2014 жылдар аралығындағы ғылыми-танымдық жинақтары және баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен шығармалары – 381, осы ретте 1986-2014 жылдар аралығында орыс тілді БАҚ беттерінде жарияланған мақалалары – 64; жазушы жайлы құжаттар, әріптестерінің ой-толғамдары, лебіздері – 286, осы ретте орыс тілді БАҚ-та жазушы және оның шығармашылы туралы зерттеулер мен естеліктер, очерктер – 31; сондай-ақ М. Жолдасбектовтың құрастыруымен, жетекшілігімен жарық көрген кітаптар мен жинақтар – 74 кірістіріліп, хронологиялық тәртіппен, әліпбилік жүйемен берілген. 
Мырзатай Жолдасбековтың мемориалдық кітап коллекциясы ақпараттық, мәдени және білім беру міндеттерін орындайды. Оның басты мақсаты: пайдаланушыларға, атап айтқанда, магистранттарға ақпараттық-библиографиялық қызмет; мәдени-көпшілік іс-шараларды (кітап тұсаукесерлері, әдеби сағаттар, күй өнерін тарату және т.б.) ұсыну.

Анықтама үшін байланыс: 3 қабат, 315 кабинет
Жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма: сағ. 09:00-18:00

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...