Менің замандастарым. Дәл осындай атаумен танымал қылқалам шебері Аманқос Ақанаев көрме өткізді. ...
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхана
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхана негізі 1967 жылы құрылған. Кітапхана бұрын өндіріс цехы болған Қазақ соқырлар қоғамы меншігіндегі 99.1 ш.м. ескі ғимаратта қоныс тепкен болатын. Қазақ соқырлар қоғамында облыс бойынша 1226 көз мүгедегі есепте тұрады.
2010 жылы облыстық бюджеттен жаңа ғимарат сатып алу үшін 34000,0 теңге бөлініп осы жылдың 13 қазанында Жүргенов көшесі 64-А үйде орналасқан жаңа 2 қабатты ғимаратқа көшірілді. Ғимараттың жалпы ауданы 222 шаршы метрді құрайды. Кітапхана заман талабына сай барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кітапхананың 1 қабатында Абонемент және 32 орындық оқу залы бар. 2 қабатта директордың кабинеті, есеп бөлімі және ұйымдастыру бөлімі бар. Кітапхананың кітап қоры ғимараттың ауласында бөлек орналасқан.
Міндеттері:
1.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты бедерлі-нүктелі, дыбыстандырылған және жайпақ баспа түріндегі кітаптар қорын көз мүгедектерінің, олардың отбасыларына және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының пайдалануына ұсыну болып табылады.
2.Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) бедерлі-нүктелі, дыбыстандырылған кітаптар мен тифлологиялық құжаттар және мерзімді басылымдарды қалыптастыру, сақтау және пайдалануға ұсыну;
2) Қазақстан аумағын мекендейтін халықтардың мәдениетін, тілі және өнерінің дамуын насихаттау;
3) зағип және нашар көретін азаматтар арасында тифлологиялық әдебиеттерді кеңінен тарату;
4) оқырмандар сұранысын бедерлі-нүктелі, жайпақ баспа, электронды және дыбыстандырылған әдебиеттермен, сондай-ақ кітапхана қорындағы басқа да материалдармен қанағаттандыру;
5) көз мүгедектерінің кітапханалық қызмет мәселелері бойынша халықаралық, республикалық конференциялар жұмысына қатысу;
6) кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, өңдеу және каталог, картотека жүйелері арқылы олардың мазмұнын ашу;
7) кітап қорын есепке алу, барынша пайдалану, сақтауды қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
8) кітапхананың кітап қорын толықтыру мақсатында дыбыстандырылған кітаптарды шығару;
9) кітапхана оқырмандарына, сондай-ақ көз мүгедектерін оңалту мәселелерімен айналысатын кәсіпорындар мен мекемелерге анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;
10) оқырмандар сұранысын оқу залы, абонемент, үйге қызмет көрсету абонементі, кітапханааралық және облыс аудандарында стационардан тыс қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру;
11) көз мүгедектері кәсіпорындары мен ұйымдары еңбек ұжымдарының қатысуымен мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру;
12) көз мүгедектеріне кітапханалық кызмет көрсетудің жай-күйіне зерттеу, талдау жүргізу және оның жақсаруына өз ұсыныстарын беру;
13) кітапхананың пайдалану ережелерін бұзған пайдаланушылар келтірген залалды өтеу шараларын бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес белгілеу және қолдану;
14) кітапхананың оқырмандар белсенділігін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
15) кітапхананың материалдық-техникалық базасын дамыту және үнемі жетілдіру.
Мемлекеттік мекемеге Ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.