С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасыАқтөбе облысында кітапханаларды...
Өнер бөлімі
Негізгі бағыттары:
- оқырмандардың ҚР Ұлттық кітапханасы қорында жинақталған ұлттық және әлемдік ноталы-музыкалық мұраға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- ҚР Ұлттық кітапханасындағы ноталы-музыкалық жинақтар негізінде әуен өнерін тарату және аталмыш жинақтарды сақтау мәселесін шешу.
Негізгі міндеттері:
- қосалқы және кітап сақтау қорындағы өнер саласындағы әдебиеттер арқылы оқырмандарға қызмет көрсету;
- өнер жайындағы әдебиеттердің қосалқы қорын, электрондық, аудиовизуалды басылымдар мен ноталардың арнаулы топтамасын қалыптастыру;
- қордың есебі мен айналымын ұйымдастыру, тиімді орналастыру;
- электронды және карточкалы түрде каталогтарды жүргізу;
- студияда күйтабақтардың сандық көшірмесін жасау;
- оқырмандарға музыкалық шығармаларды тыңдау және ойнау үшін музыкалық аспаптарды беру қызметін көрсету;
- көркем безендірілген кітап көрмелерін өткізу және музыканттармен, сазгерлермен, орындаушылармен кездесу кештерін ұйымдастыру;
- Қазақстан кітапханаларына әдістемелік кеңес беру.
Бөлімде:
- оқу залы;
- сазды шығармаларды тыңдау үшін жеке кабиналар;
- күйтабақтардан сандық көшірме және CD жазу;
- музыкалық аспаптармен ойнау үшін арнайы бөлме;
- «Өнер әлеміне саяхат», «Қазақтың қол өнері», «Жаңа басылымдар», «Жаңа журналдар» тұрақты және тақырыптық көрмелері жұмыс істейді.
Бөлім жанынан «Інжу-маржан» өнер клубы жұмыс жасайды. Клубтың мақсаты - қазақ өнерін насихаттау, өнер қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу, сурет көрмелерін ұйымдастыру, шығармашылық байланыстар орнату және т.б. іс-шаралар.