ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ресейлік «Мульт» телеарнасы өзара келісімг...
«Рухани қазына» фестивалінің жеңімпаздары (фото)
2321
Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне арналған «Рухани қазына» фестивалінің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды "Мәдениет порталының" тілшісі. 19-22 мамыр аралығында өткен фестивальдің нәтижесі жарияланды. Ұлттық музейде өткен марапттау шарасында үздік атанған ұжымдар мен қызметкерлердің құрметіне белгілі өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Сала майталмандарының ашық дауыс беруі арқылы төмендегі ұжымдар мен қызметкерлер жеңімпаз атанды.
Музей ісі бойынша: «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» аталымы бойынша Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи өлкетану музейі;
«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» аталымы бойынша Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениет музейі; «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» аталымы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи -ландшафтық музей-қорығының ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева; «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» аталымы бойынша «Батыр бабалар мемориалды» музейінің меңгерушісі Әлім Орынбасар үздік деп танылды.
Кітапхана ісі бойынша: «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;
«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша Талас аудандық кітапханасы, «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасы «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана» аталымы бойынша Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана; «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» аталымы бойынша Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі Қалдыгүл Досмағанбетова; «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері» аталымы бойынша Зеренді орталық аудандық кітапхана кітапханашысы Гәкку Ғабдулманова; «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері» аталымы бойынша Талдықорған қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Өтенай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлнархан Сейлханова; «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері» аталымы бойынша «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» басшысының орынбасары Лаззат Қуантаева жеңімпаз атанды.
Мәдениет үйлері бойынша: «Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығы» аталымы бойынша Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы;
«Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы» аталымы бойынша Батыс Қазақстан облысының Бөрлі аудандық демалу орталығы; «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб» аталымы бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық мәдениет үйі; «Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері» аталымы бойынша Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызмет орталығының бөлім меңгерушісі Аймагүл Бұзаубаева; «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері» аталымы бойынша Ақмола облысының Атбасар аудандық мәдениет үйінің «Родничок» балалар би ұжымының хореограф-репетиторы Виктория Манукян; «Үздік ауылдық мәндениет үйінің, клубтың қызметкері» аталымы бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Айнабұлақ мәдениет үйінің меңгерушісі Марина Оразбекова марапатталды.