Ерболат Баятұлы. Уақыт пәлсапасы

ӘДЕБИЕТ
1866

 

Уақыт туралы ұғымның аясы өте кең. Уақыттың көрсеткіші дүниенің бір қалыпта тұрмайтындығында, яғни үздіксіз қозғалыста болатындығында. Абайша айтқанда " бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек". Дүниенің өзгерісте болатындығын алғаш айтқан философ, ол- Гераклит еді, оны одан әрі дамытқан Сократ пен Платон болды. Кейіннен ол Гегельдің диалектикалық көзқарасына негіз болды. Эйнштейннің теориясы уақыт пен кеңістік туралы түсінікке жаңаша сипат берді. Ол- оның материялық болмыста ғана өмір сүретіндігі еді. Яғни уақыт туралы ұғым сенің бар кезіңде ғана бар деген сөз. Сен жоқ болғанда ол да болмайды- мыс. Қош, сонымен " уақыт" деген ұғымды категорияға айналдырып зерттеген философия ғылымы екен. Философия ғылымы уақытты мынандай төрт түрге бөліп жіктеген:
1. Реалды уақыт
2. Физикалық уақыт
3. Концептуалды уақыт
4. Перцептуалды уақыт

Реалды уақыт дегеніңіз қоғамдық формациядағы қалыптасқан дәстүрлі уақыт өлшемдері. Бір сөзбен айтқанда адам баласының күнтізбелік уақыты. Ғасырмен, жылмен есептеледі. Физикалық уақыт өлшемінің негізі - жарық пен дыбыс жылдамдығы. Айталық, Күн сәулесінің Жерге жететін жарық жылдамдығы 8 минут, 19 секунд. Ал, концептуальды уақыт дегеніміз адам мен уақыттың арақатынасын білдіретін қоғамдық- әлеуметтік уақыт. Адам баласы өзіндік санасы арқылы уақыт деген ұғымды концептілеуді игерді. Бір сөзбен айтқанда уақытқа деген қарым- қатынасына жаңа сипат берді, формасын экономикаландырды, әлеуметтендірді, реалды уақытты өз талабына сай метофораландырды. Нақтырақ айтқанда уақыт ассоциоландырылады. Ол: уақыт- ресурс, уақыт- тауар, уақыт- ақша, уақыт- шығармашылық. Адам уақытты үнемдеу арқылы оған бұрынғыдан да тәуелді болды. Енді уақыт жай өтіп жатқан дүние емес, ол- жеке тұлғаның мақсаты, іскерлігі, жетістігі, тек өзіне тән вакумы. Біз қазір " Уақытым жоқ" дегенді жиі естиміз. Өйткені әрбір адам уақытты өзіне концептуалдап алған. Бұл- бір жағынан жақсы, екінші жағынан жайсыз. Жақсы болатыны сенің қолың бос емес, сенің өз уақытың бар. Мақсатты. Жайсыздығы сол- сен өзгеге уақыт таба алмайсың, концептуалды уақыттың құлақкесті құлысың. Концептуалды уақытты үйлестіруге қоғам, социум, билік қатты араласады. Сенің уақытыңның тізгінін солар басқарады. Сенің уақытыңа уақыт тартырмайды. Мысалы, қоғамдағы номенклатура, қағазбастылық. мәнсіз жиналыстар, әртүрлі әлеуметтік төлемдер, қажетсіз заңдық актілер т.б
Перцептуалды уақыт- адамның санасында интерпретацияланған фреймдердің бейнесі. Яғни, адам уақыт туралы түсінігін өзіне сай ыңғайлап алады. Бір сөзбен айтқанда ол адамның санасындағы, түйсігіндегі уақыт. Оны " психологиялық уақыт" деп те атайды. Сен уақытты саналы түрде бөлесің. Оған мән бересің. Сезінесің. Одан ләззат аласың. Айталық перцептуалды уақыттың өлшеміне уақытты сақтау, уақытты таңдау, уақытты бөлу, уақытты жоғалту, уақытты өлтіру, уақытты таңдау, уақытты ұстау т б жатады.
Уақытты өлшемдері ортақ секілді болғанымен, әр халықта өзінше сипатқа ие екен. Ол олардың қоғамдық- әлеуметтік, танымдық- психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан да уақыт өлшемдеріне ұлттық сипат та тән. Мысалы, қазақ танымындағы уақыт өлшемдері мынандай- сүт пісірім уақыт, бие сауым уақыт, қаспен көздің арасындай уақыт, көзді ашып жұмғанша уақыт, кірпік қаққанша т.б Сол сияқты адамның ұйқы уақытына қатысты айтылатын атаулы сөздердің белдеулері де әр түрлі. Мысалы: көз шырымын алу, көзі ілініп кету, мызғу, қалғу, кірпік айқастырғанша, құс ұйқылы болу, қор ете түсу т. б Бұлар тек қазақ ұғымынна тән уақыт өлшемдері. Сонымен бірге фольклордағы айшылық алыс жерлерді бірнеше күнде жүріп өту, тұлпар аттар, ұшқыш кілем туралы формулалары да сол кездегі адамдардың перцептуалды уақытты игеруі болып шығады. Ал қазір ол перцептуалды емес. Маңызын жоғалтқан. Өйткені қазір зымыран, ұшақ, автокөлік бар. Соған қарағанда адам баласының уақытты игеруі оның жасампаздық қабылетіне, ғылыми- техникалық прогреске қатысты екені даусыз. Қысқасы сіздің уақытыңыз Ұлы Уақыттың ішіндегі кішкентай уақыт. Оны "биологиялық уақыт" деп атауға болады.
Уақытыңызды қадірлеңіз, өйткен ол- Құдайдың сізге берген уақытша ғана уақыты һәм мүмкіндігі!

author

Ерболат Баятұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...