Қазақстандық десантшылар Беларусьте кәсіби сынақтың кезекті кезеңінен өтті

ҚР ҚМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2312

Қазақстандық десантшылар Беларусьте кәсіби сынақ тапсырып, теориялық емтиханнан кейін "Ерлік пен шеберлік" төсбелгісін тағу құқығын иеленуге келесі кезеңге өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.

Жарысқа қатысушы 98 адамның ішінен сынақтың екінші кезеңіне 64 әскери қызметші жіберілді. Дене дайындығын тексеру 100 метрге жүзуді, 20 келі жүкпен 100 метрге жүгіруді және белтемірдегі кешенді күштік жаттығуларды қамтыды.

Нормативтерді тапсырған соң  Ми-8МТВ-5 тікұшағынан десант болып түскен сынаққа қатысушылар марш жасап, 30 шақырымды салмағы  40 келілік толық жабдықпен жүгіріп өтті. Сонымен қатар бейтаныс жердің топографиясын, карталарды оқу дағдылары мен азимут бойынша қозғалыстары тексеріліп, нысанды іздеу тапсырмасын орындады.

Үшінші кезеңге Қазақстаннан 7 үміткер жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь Республикасында Витебск маңындағы "Лосвидо" оқу полигонында "Ерлік пен шеберлік" төсбелгісін тағу құқығы үшін ең күрделі кәсіби сынақтар өтуде. ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері оған екінші рет қатысып жатыр. 2023 жылы "Ерлік пен шеберлік" белгісі екі десантшыға салтанатты түрде табысталған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...