Маңғыстауда мектептің шатыры опырылып түсті (ВИДЕО)

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
731

Маңғыстаудағы мектептердің бірінде шатыр опырылып түсті. Оқиға орнынан видео әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Шатыр Қарақия ауданы Құрық ауылындағы мектеп-гимназияда құлаған, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Бейнежазбадан мектептің бір бөлмесінде төбенің бір бөлігі күрт құлап түскені көрінеді. Жазбаға қарағанда, оқиға болған сәтте бөлмеде ешкім болмаған.

Бұл оқиғаны облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады. Сондай-ақ, Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

"23 шілде күні сағат 06:30 шамасында Қарақия ауданы Құрық ауылында орналасқан "Жалпы білім беретін мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залының шатыры құлады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Құлаған төбе ауданы шамамен 250 шаршы метрді құрайды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, тиісті тексеру мен сараптамалар жүргізілуде. Мектеп 2009 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген және 1200 оқушыға арналған.

"Арнайы комиссия құрылды. Толық бағалау нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы егжей-тегжейлі ақпарат кейінірек жарияланады", – деп толықтырды баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...