Перизат Қайраттың «қайырымдылыққа жиналған» ақшаға алынған мүлкінің тізімі белгілі болды

Сурет: tengrinews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1107

Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сот жарыссөздерінде прокурор Арман Қизікен тергеу нұсқасы бойынша қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті егжей-тегжейлі атап шықты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Айыптау тарапы бұл қылмыстық істің аталған бөлігімен таныстыруға шамамен төрт минут уақыт жұмсады.

Материалдық шығынды өтеу мақсатында тәркіленіп, жәбірленушілерге берілетін мүліктер тізімі:

Көлік құралдары:

  • Mercedes Benz S450

  • Lexus LX 600

  • Haval H6 GT

  • Mercedes Benz EQE 500

Жылжымайтын мүлік:

  • Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй

  • Sensata Plaza кешеніндегі пәтер

  • "Көк Жайлау" тұрғын үй кешеніндегі пәтер

  • Highvill тұрғын үй кешеніндегі пәтер мен автотұрақ орны

Ақша қаражаттары:

  • 20 миллион теңге

  • 20 миллион 700 мың теңге (Перизат Қайраттың дебиторлық берешегі)

  • 5 миллион теңге (тағы бір дебиторлық берешек)

  • 8 миллион теңге — Маңғыстау облысындағы әуежайдың сақтау камерасында

  • 3,5 миллион теңге — Ақтөбе облысындағы әуежайдың сақтау камерасында

  • 10 миллион теңге — "Пара үстел теннисі федерациясы" ҚБ шотында

  • 20 миллион теңгеден астам — "Біз біргеміз Қазақстан" ұйымының Банк ЦентрКредиттегі шотында

  • 20 мың доллар (шамамен 10,5 млн теңге) — "Біз біргеміз Қазақстан 2030" ұйымының ForteBank-тегі шотында

  • 1 миллион теңге — сол ұйымның басқа шотында

  • 3 миллион теңге — Rebel Flowers компаниясының Kaspi Bank-тегі шотында

  • 6211 юань (шамамен 457 мың теңге), 200 доллар (шамамен 105 мың теңге), 195 дирхам (28 мың теңге), 20 риал (шамамен 2,9 мың теңге) — Амман көшесі, 54 үй мекенжайында тінту кезінде алынған

Сонымен қатар, прокурор Перизат Қайраттың Rebel Flowers ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесін тәркілеуді талап етті.

Іс материалдарында айғақ зат ретінде қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған сән-салтанат заттары: зергерлік бұйымдар, сөмкелер, аяқ киім және аксессуарлар көрсетілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...