Хусто Хорхе ПадронИспан ақыны Хусто Хорхе Падронды қазақ әдеби жұртына ақын, аудармашы Т...
Бахытжан Алдияр: Шымкентке әдебиет керек емес пе?
Сіздерді қайдам, өз басым Шымкент қаласы әкімінің идеология саласы бойында орынбасарлығына қайтадан Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетовті әкелуін талап етемін! Әдебиетті керек етпейтін мұндай идеология саласы қаншалықты керек?! Осымен бір емес, бірнеше рет жазып отырмын. Қазақстан Жазушылар одағы арнайы хат жазып, өтінгенімен ел сыйлаған қаламгерлерін (сондағысы үш-ақ адам) мына тұрған Алматыға жібере алмайтын ондай саланың өзгеруі тиіс! Ғабидолла мырзаның идеология саласы бойынша орынбасарынан бастап, мәдениет, ішкі саясат, білім, т.б. салалардың басшылары бүкіл идеологияның басты қайнары - ұлт әдебиетіне жаны ашымаса ол жерде неге отыр?! Бүкіл ұлтқа қызмет етіп отырған Қазақстан Жазушылар одағын, тіпті «Рухани жаңғыру» жөніндегі, «Ұлы даланың жеті қыры» туралы ғажап мақалаларында нақтылап айтқан Елбасымыздың да сөзін елемейтін мұндай идеология саласы ұлысымыздың ұйытқысы - Шымқала үшін керек пе жалпы?! Сіздер қалай ойлайсыздар? Пәлен жылдан бері шырылдай беріп, дауысым да қарлыға бастады... Мені қоя беріңіздер, қадірлі қаламгерлеріміз Мархабат Байғұт ағамыз бен Ханбибі Есенқарақызы апамызды мына тұрған Алматыға жібере алмау, бүкіл ұлтқа қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Жазушылар одағының хатына пысқырып та қарамау дегеніңіз енді... Қысқасы, үшінші мегаполис атанған, Елбасымыздың өзі тікелей қолдап, бақылауына алған Шымкент қаласының идеология саласына түбегейлі өзгеріс керек!!!
Ақын, Бахытжан Алдияр