«Шүлдірлемей, қойыртпақтамай сөйлесін»: ақын Ұлықбек Есдәулет Тұрсынбек Қабатовқа шүйлікті

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
12067

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қазақ тілінде дұрыс сөйлемейтінін айтып, «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қаринге базынасын айтты. 

Сөзін «Құрметті, Ерлан Тынымбайұлы бауырым»  деп бастаған ақын әзіл әлеміндегі Қабатовтың эфирде орысша араластырмай, қазақ тілін шұбарламауын талап етіп отыр. 

«Тілімізді бөтен сөзбен былғауын тоқтатсын. Шүлдірлемей, қойыртпақтамай сөйлесін. Ұлттық арнаны әркімнің ойланбай сөйлеп, жұртты күлдіргеннің жөні осы екен деп, өзге тілді оңды-солды безей беретін, қазақшаны белден басып, ойына келгенді айта беретін орынға айналдыруға болмайды. Тілдің қасиеті мен саxнаның киесі бар екенін естен шығармасын. Эфирге шығады екен - ана тілімізді құрметтеуі керек! Тіпті эстраданың еңіреген жұлдызы болса да! Тілі енді шыққандарды қойып, мектеп жасындағы ұрпақтардан ұят! Тіл тазалығына әр өнер адамы жауапты. Егер оның әзіл-қалжыңынсыз Ұлттық арна күн көре алмайтын болса, жаттайтын мәтінін таза қазақ тіліне көшіріп беретін сауатты редактор бөлгендерің дұрыс. 

Жақында Тұрсынбек ініміз көшедегі жарнамалардың тілі мен аудармасын өлтіре сынады. Айызым қанып, риза болып көрдім! Тақырыбын тапқан екен деп қуандым. Енді көшемен қатар өзінің тілін де түзегені жөн болар еді», – деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

author

Ұлықбек Есдәулет

АҚЫН

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...