Сәбит Әбдіхалықов - жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар
3234

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығына сәйкес  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басышысы қызметінен босатылып, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры лауазымына бекітілді.

Сәбит Әбдіхалықов (1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында туған) — актер және режиссер. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2000). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры (2015 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).

1996 – 1999 жылдары “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актер

1999 – 2003 жылдары “Тамаша” сатира театрының актер

2003 жылдан “Мафия мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актер

2006 – 2007 жылдары “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі

2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі

2008 – 2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушы

2012 – 2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы

2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры

2014 – 2015 жылдары «Салтанат Мемлекеттік би ансамблінің» директоры

2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарды.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...