Атырауда мұғалім әйелді өлтірді деген күдікпен оның жұбайы ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
733

Атырауда тұрмыстық жанжал кезінде мұғалім әйел қаза тапты. Қылмысты жасады деген күдік марқұмның 62 жастағы жұбайына тағылып отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өңірлік «Ақ жайық» порталына.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal....

СПОРТ

Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай болашақта к...