Ақтауда тұрғын үйдің төртінші қабатынан әйел құлап кеткен

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1036

Ақтауда 28-шағынаудандағы бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен әйел құлап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға 16 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. Тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен әйел құлаған.

Маңғыстау облысы полиция департаменті зардап шеккен әйелдің жеке басы анықталғанын хабарлады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оқиға кезінде пәтерде одан басқа ешкім болмаған.

Құлағаннан кейін ол тірі қалып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Басылым мәліметінше, әйел эпилепсия дертімен ауырады.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....