Алматыда монша қызметкері 13 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
88

Каскелеңдегі қоғамдық моншада 13 жастағы жасөспірім зардап шеккен. Жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, ұлы досымен бірге жуыну үшін моншаға барған. Одан кейін жасөспірімдер моншадағы бардан тамақ алмақ болған. Сол кезде мас күйде болған ер адам балаларға жақындап, өзіне де тамақ алып беруді талап еткен. Әйелдің сөзінше, баланың әжуаға жақын жауабы ер адамның ашуын туғызған. Сөйтіп ол жасөспірімге тап беріп, соққы жасаған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Монша әкімшілігі жанжалға қатысқан адамның олардың қызметкері — жүргізуші екенін мәлімдеді. Сол күні оның демалысы болған және ол моншаға келуші ретінде келген. Мекеме өкілдерінің айтуынша, ер адам алкоголь ішкен. Оқиғадан кейін оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданған.

Зардап шеккен баланың анасы полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті 28 жаста. Оған ірі көлемде айыппұл салынуы немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иркутск облысының Чун ауданында тұратын 20 жастағы тұрғынға қатысты қос кісі өлтіру ісі бойынша сот...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда тұрмыстық жанжал кезінде мұғалім әйел қаза тапты. Қылмысты жасады деген күдік марқұмның 62...