Сержант сарбаздарды темекінің тұқылын жеуге мәжбүрлеген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2076

Әскерде сержант сарбаздарды темекінің тұқылын жеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Медициналық рота аумағын тазарту кезінде сержант жерде жатқан темекі тұқылдарын көріп, екі сарбазға оларды жеуді бұйырған. Бірі айтқанын орындаған. Кейін ол тамақтан уланғанын айтып шағымданған.

Келесі күні сержант тағы да сол сарбаздарды шақырып, олардың бірін бірнеше рет тепкілегені белгілі болды.

Сот барысында сержант кінәсін мойындамай, сарбаздарға тек ескерту жасағанын айтты.

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің 42 жастағы сержантына 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Оған қоса, жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбек етуге міндеттелді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...