Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. Қалам ұшынан қаны сигектеген бір Өлең

ӘДЕБИЕТ
4952

Бескүндік Жалған – жаратушы ғажап бес Мүше*.
Бесеуінен... және Тәңірден қош тіледім, кеш түсе.
Әй, қайдам, о Кісі естісе..
«Жаңа Жыл!» – дейді, соқыр Ес жаратқан календарь.
Тойқұмар ел әдеттегідей есіріктене кетті, ескіше!..

Ойлау күнә - ғылымсыз.
Уақыт – тіріде де, өліде де тынымсыз.
Мониторда – қаңтар... бірінші.
Ақылымда - суайт сөздері көне кітаптың.
Аузымда – қарайған шай, жылымшы.

Жетпей тұрғаны – тек шылым.
Сол ғана біледі жетім көңілдің өксірін.
Ертең Көктем сөйлей бастайды жаңа жыл мен Көк сырын.
Әзірше,
Шал кейпіне енген Ажал би билеп жүр, өлі шыршаны айнала,
Аузынан аяз атқақтаған жексұрын.

Өзім де бір - тән мен нанға құл әлем.
Ішім толы - халықаралық жанталас пен сүмелең...
Аяз жұтқан сайын, Ажалдай түнерем.
Жаңармаған Жан-Дүниемдегі оңбаған Ойлардан өліп бара жатыр,
Қалам ұшынан қаны сигектеген бір Өлең...

Бес Мүше* (Күн, Күн нұры. Ауа. Су. Жер)

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...