Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінің қорында өмірден ерте кетсе де, соңында мол әдеби мұра қа...
Облыстық өнер музейі
Ақтөбе облыстық көркемсурет көрме залы 1981 жылы 2 шілде күні Мәдениет министрлігінің шешімі бойынша Қазақ ССР–і мәдениет министрлігі көркемсурет көрмелері дирекциясының жиырмасыншы филиалы ретінде ашылды. Ақтөбеліктер мен қала қонақтары республикалық бейнелеу өнерінің жаңа шығармаларымен таныса алатын болды. Ең алғашқы рет көрме залы жұмысын «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты көрмемен бастады.
1997 жылдан бері көрме залы облыстық мәдениет басқармасына берілді.
2006 жылдың 1 қаңтарынан облыс әкімі шешімімен көрме залы «Ақтөбе облыстық көркем-сурет және сәндік қолданбалы өнер музейі» болып қайта құрылды.
Көрме залы қызметінің мақсаты барлық жанрдағы көркемсурет өнерін дамыту, қолөнер шеберлері, суретшілердің дербес, жылжымалы, тұрақты көрмелерін ұйымдастыру, олардың өнерін насихаттау болып табылады.
Облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейіне 2012 жылы қаланың бас көшелерінің бірі, Әбілқайыр хан даңғылынан екі қабатты ғимарат беріліп, атауы «Ақтөбе облыстық өнер музейі» болып ауысты. Бұл облыстың мәдени өмірінде, ақтөбелік суретшілер үшін, өнер сүйер қауымға да көптен күткен айтарлықтай маңызды оқиға болды.