Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні! ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы се...
Сұраған Рахметұлы: Асқар Жұмаділдаев бауырым, сабыр ет
ХХ ғасыр не көрмеді, не көрсетпеді. Асеке, Асқар Жұмаділдаев бауырым сабыр ет! Мұндай ғадетпен поэзияға «у шашып» ойнауға келмейді. Көне Римде яғни б.э.б. VІІІ ғасырда поэзия ғана болған, ең соңғы сәт (әуелгідей) әлем әдебиетіндегі серпілулерді ойлауыңыз керек еді. Әлемдік шайқас, ДЖ қанды қырғында Бенито Муссолини – фашизмді, Ленин – коммунизмді, Гитлер – нацизмді, Сталин, (Андрей Жданов) – капитализмге қарай жасанды шабуылдарды ойлап тапқанда сіз айтқан кереғар екі пікірді (технократия мен поэзияны) сізше матаметикалық мойыншақ ұғыммен күш қолданып дөрекі шендестірмеген-ді. Сол кезді Михаил Булгаков «Ит жүрек» шығармасымен соққы берген.
Маркс пен Мао да өлең жазған. Олар да мұндай «құйтырқы ұйқасты» ойлап таппаған. Өз сұлбасын іздеп тапқан. Бір кезеңде Парижден қашқан түгел поэзия Нью-Йоркке маңдай тірегенше бірде-бір рет дамыл көрмеген-ді. Поэзияны бүткіл адамзаттық құндылық дейтіні осыдан. Герман – «неміс» болғанға дейін, Гитлер – «фашист», Сталин – «ұлы көсем» болғанға дейінгі 1940-1950 жылдарда ұлы «келімсектер» ғаламдық поэзия кеңістігін құрды. Поэзия әлемдік жадты ұлтқа айналды. Уолт Уитмендердің тынысы кеңіді. Пикассолар өзін ашуға жеделдетті. Үлгісіздіктің үлгісіне қарай жол тартқандар бақытқа белшесінен батты деуге болмас. Осылардың бір тұтасы сөзі түгел, ойы мықты, туа текті болған соң ғана поэзия көшімен үдерді. Ешқайсысы жөні өңге технократияға қарай оралып, байланған жоқ. Керісінше оны алға сүйреді, өзге жолмен жүргісі келмеген. Технократия – адамзаттық релстің екінші жақтағы кенересі болған соң...
Эрнест Хемингуэй, Скотт Фицжеральд, Гертруда Стайндер технократия туралы әліпбиді ежіктемеді деуге бола ма? Ұлы сәулетші Антонио Сант-Элиа футурист, көркемсөздің нағыз ағылы болған. Жеймс Жойстың «Үлисс» романы экспериментальдық қызықты туынды!? Сіз Зигмунд Фрейдтің биодетерминисі екенін білсеңіз «ым» бұрын туды ма, яки «үн» бұрын болды ма, дегенге ептеп болса да бір соғар едіңіз?! Тағы да Макс Нордаудың «Керікеткені» (1892) жазылғанын білесіз бе? Баяғыда біздің Исрайыл жазған «Кертолғау». Қаншама мәңгүрттер ышқырсыз қалған кездегі...
Ал, бізде Абай және Мағауиндер қалай толғанып еді. Оларды біз әлі өз орнына қоя алмай келеміз... Ендеше бір «уһ» дейік те. Альберт Эйнштейннің де 1955 жылға дейінгі жолы поэзиямен ұласа түскен десек не дейсіз?..
Ал академик Асқардың адасы Асқар Сүлейменов мүлдемге өзге қисын. Оның құпиясын Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерімен ұштастырып сізге қор қылмасам да болар еді!? Бірақ күн сайын есеп-қисаптан шаршаған тұсыңызда «Куә бол» әнін тыңдаңыз дегім де келеді. Сонан кейін қазақ ақындарының миы «шпрот» емес екенін көрерсіз!?