Алматыда XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі шеңберінде Қазақстан кинематографистер одағының...
Ресей Қазақстанда үш жылу электр станциясын салуды биыл бастайды
740
Ресей Қазақстанға жылу электр станцияларын салуды биыл бастауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ведомство басшының сөзінше, Қазақстанда үш жылу электр станциясын ресейлік "Интер-РАО" компаниясы салады.
Құрылыс жұмысын биыл бастау мүмкіндігі бар, жоба айтарлықтай ілгеріледі. Қалған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу аяқталуда, оның нәтижелері бойынша техникалық шешімдер бекітіліп, тиісті зауыттарда жабдықтарға тапсырыс беріледі, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Айта кетейік 2023 жылғы қарашада Қазақстан мен Ресей Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойған еді.