Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2023» жүлдесінің үміткерлерін анық...
Талдауың өрелі де өрісті болсын!
Сын – өнер. Өнерге, шындыққа, әділдікке сүйіспеншілік жоқ жерде сын да, сыншы да жоқ.
Сын тоқтаған жерде руxани тоқырау басталады. Сын тоқтаған кезде даму тоқтайды. Танымның тамырын тазартып алмасақ, тағылымға жол ашылмайды. Өнер адамына бардан гөрі жоқты көбірек айту пайдалы. Бардың парқын жоқтың нарқы өсіреді, осыны ұмытпауымыз керек.
Бүгінгі сыншылардың кемшілігі – өнердегі кеселдерді ашып көрсетіп, ашына айтуға батылдары жетпейді. Себебі қорқады.
Сын айтылса, бетіміз бір уыс болып жиырылып сын айтқан адамды жек көріп, тигізіп айтса, кектеніп, бүргеше талап жейміз. Одан қалса, соңына шам алып түсеміз.
«Ақиқатты айтқан айыпты емес, оны көріп тұрып, көзін жұмып айналып өткен адам айыпты» деген сөз бар.
Ақиқатты айтамын деп көпке ұнамай қалатын сыншы қыз – Айзаттың туған күні бүгін! Құтты болсын, Айзат!
Театр өнерін насиxаттаудан шаршама, іздегенің ізгілік болсын!
Талдауың өрелі де өрісті болсын!
Бекжан Тұрыс