Әлібек Шегебай Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

ӘДЕБИЕТ
2596

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі Әлібек Шегебай Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Әлібек Шегебай - 1974 жылы 11 наурызда дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Журналистика" факультетінің түлегі.1997 жылы М. Әуезовтың 100 жылдығына орай ҚазҰУ- де өткен республикалық студент жастардың жыр мүшайрасында бас жүлдені жеңіп алады.Содан бері де бірнеше жыр бәйгелерінде жүлделі орындарды иемденді.1998 жылы Республикалық «Жалын» журналында жарық көрген өлеңдер топтамасына Т. Айбергенов атындағы сыйлық берілді. 2002 жылғы Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Шығармашылықтағы жетістіктері үшін 2004 жылы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды. 2016 жылғы Халықаралық «Ататүрік» медалінің иегері. 2001 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген. «Алакеуім», «Әйнекке түскен Ай сәуле», «Ақ қауырсын», «Ақ жауын» атты өлең кітаптарының авторы.


Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...