Леонид Нузброх. Қосаяқ

ӘДЕБИЕТ
844

Леонид Нузброх

Лейб армия қызметін құрылыс батальонында өткерді. Семей облысында жер асты зымыран нүктелеріне арналған тікұшақ алаңдарын салған. Атағы бойынша ол сержант болса, атқарған қызметі бойынша-шебер еді. Оның қарамағында он жеті адамнан тұратын құрылыс бригадасы болды.

Қазақстанның табиғаты күрт өзгермелі климатымен-ақ, Лейб туып-өскен Молдавияның жұмсақ климатынан айтарлықтай ерекше тұғын. Қазақстанның қысы өте ызғарлы. Термометр кейде қырық градустан төмен көрсетеді. Бұл көбіне жел өз күшіне енген кезде. Кейде қардың қалың түсетіні соншалық, жол бойларындағы тереңдеу қар дәліздерін бульдозерлермен қопаруға тура келетін. Сол сәтте тіптен өтіп бара жатқан көліктердің өзін көре алмайсыз.

Сәуір айында қар ерігенімен әлі де болса суық болатын. Тек мамыр айында ғана айналаның барлығы өзгеріп сала берді. Дәл таяу жақтағы казармаларда, жотаның жанында орналасқан зымыран нүктесінен бастап, сонау көз ұшындағы көкжиекке дейін барлық айнала көкнәрдің қызыл гүлдестесімен өрілген кілемге айналды. Бірақ, маусым айы туысымен, оқыс келген аңызақтан осының барлығы күйіп бара жатты. Көз байқағандай, күн аптабынан әбден құрғаған сусыз шексіз кеңістіктер өздігінен жайылып барып, өріс арқылы қауырсын толқындарға айналып, дүние дөңгеленіп бара жатқандай сезілді.

Тікұшақ алаңы елу метрлік жер алқабынан тұрды, оның ортасында жиырма бес те, жиырма бес метрлік бетон құйылған. Оның құрылысы о баста, төрт терең шұңқыр қазудан басталды. Шұңқырларға айқыш-ұйқыш етіліп рельстің алты бөлігі мен арнайы бетон құйылды. Әр рельстің артқы жағын жуан сақиналар ұстап тұрды. Қатты желдің кезінде тікұшақтар осы сақиналарға байланатын. Ол ұшақтардың ұшып кетпеуін қамтамасыз етті.

Кезекті тікұшақ алаңының құрылысын бастау туралы бұйрық алысымен, Лейб бригаданы басқа біреудің басшылығына тапсырып, өзімен бірге екі сарбазды – Саша Белозеров пен Әбдіхалықов Мұртазаны, рельс бөлшектері мен қиратуға арналған қазықтарды, ауыз су құтысын алып жаңа орынға аттанып кетті. Бұлардың жерге түскені сол еді, бұларды жеткізген көлік те бұрылып жүйітки жөнелді.

Ал түскі асты не істейміз? – деп сұрады Мұртаза.

– Әбдіхалықов! Сарбаз әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиындықтарына төтеп беруі керек! Ешкім де тек үш адамды тамақтандыру үшін жалғыз көлікті осындай жерге айдап келмейді. Жоғарыдағылардың да бізсіз де маңызды істері бар!

Ол жігіттерді аяды, өйткені түскі ассыз ауыр жұмыс артқан, өз ауыртпалығы бар күн тұрды алда. Бірақ, одан шығудың басқалай амалы да болмады: «ертең бүкіл бригада осында көшіріледі, ал жұмыс майданы тоқтап тұрса ше».

Алаңды олар тез бөліске салды. Олар зәкір астындағы шұңқырларды белгілеп, қазуды бастап кетті… 

Түс мезгіліне таяу, екі метрден астам тереңдікте үш шұңқыр қазылып дайын тұрды. Бірақ, төртіншісі тіптен басталмаған да еді. Қабырғалардағы баспалдақтарды кесіп тастағаннан кейін, Лейб сыртқа шықты.

Болды, жұмысты тоқтатамыз, он минут үзіліс!

Жігіттер тысқары шығып, су ішіп, жерге жата кетісті. Лейб қазылған шұңқырларға жақын барды.

– Жарайсыңдар! Демалып алғаннан кейін, үшеулеп төртіншісіне кірісеміз. Саша, сен бұл тесікті қабырғаға не үшін жасап қойғансың?

– Жоқ, мен ештеңе де жасаған жоқпын, бұл бір нәрсенің іні.

– Ін? 

Әбдіхалықов бірден орнынан атып тұрып, шұңқырға қарай жақындады.

– Әрине, бұл ін! Қазір мен оны шығарудың жолын табамын – деді де, иссшіл ит сияқты, топыраққа мұқият қарап, жан-жағын бағдарлап алып, әлде-не іздегендей айнала бастады. Оның әр басқан қадамы сақ, назары өте мұқият болды.

– Міне, таптым! – деген Әбдіхалықов су құятын құтыны алды да, сол інге жіңішкертіп су тамшылата бастады.

Мұртаза, бізді сусыз қалдырма!

– Қорықпа, шебер, аса көп кете қоймас! Лейб пен Белозеров тесікті бақылай бастады. Кенет оның ішінен бір нәрсе секіріп шықты, қарама-қарсы қабырғаға барып соғылып, шұңқырдың түбіне қарай құлап кетті, бірақ, бірден ыршып барып жоғарыға қарай ұмтылды.

– О! Бұл қосаяқ қой! Әбдіхалықов оны ұстап алғанына көңілі толып, бұларға мақтанышпен қарады.

– Казармаға алып барайық!.

– Шынымен де, қосаяқ!

Қосаяқ бірер минуттай шұқыр ішінде доп сияқты ыршып алды, айналасының барлығын жүп-жұиыр кішкене денесімен топыраққа әп сәтте толтырып жібергендей болды. Кенгуру сияқты шамадан тыс дамыған артқы екі аяқтарымен жер түбінен итеріліп барып, ол тігінен жоғары қарай оқтай атылды. Сол заматта шұңқырдың ернеуіне дейін жетуге шақ қалды, ауада бірер секунттердей тұралап қатып қалғандай да болды. Қосаяқтың денесі мұрнының ұшына дейін жете майысып, әлі де болса жоғарыға қарай ұмтыла берді, бірақ, рабайсыз құйрықтың ұшындағы кішкентай бұп-бұйра түйіншек оны лажсыз қайтадан шұңқырға қарай тарта берді. Лейб ішінен: «қайран, қосаяқ, өзіңмен өзің алаңсыз далада өмір сүрген едің, адамға кездесіп неге тап болдың» -деп ойлаған...

Бір мезетте Сашаның үрейленген дауысы шықты: – Жігіттер! Жігіттер! Аспанға қараңдаршы! Жоқ, сендер басқа жаққа қарап тұрсыңдар! Күннің көзіне, тікелей күнге қараңдаршы!

Лейб көзін қысыңқырап ол нұсқаған бағытқа бағынған түрде назар салған күйінде мелшиіп тұрып қалды. Оның көргені шынайы болуы мүмкін емес еді, мүмкін емес болса да, болды ау әйтеуір: сонау аспан төрінде, нақты бұлардың төбе тұсынан оң жақтан бір, сол жақтан бір тағы да екі күн жарқырап тұрды. Бұған сену мүмкін емес еді, бірақ, аспанда бір уақытта үш бірдей күннің қылаң бергендігін көрді! Бірдей болғаны соншалық, олардың қайсысы шынайы екенін анықтау мүмкін емес те еді. Ортасындағысы ма? Сол жағындағысы ма? Оң жағындағысы ма?..

Саша сасқанынан былай деп сыбырлады: 

О, Құдайым! Шынымен де не болып жатыр өзі? Ақырғы заман деген осы ма әлде...

Кенет;

– шебер, бұл қауіпті емес пе?

Мектепте астрономия пәні ол үшін ең сүйікті пәндердің бірі болғандықтан, Лейб бірден ойланбастан: "жоқ, қауіпті емес, бұл бар болғаны күн шеңбері! - деп жауап берді. Бірақ, ол да өзгелерден аз таңқалған жоқ. Ол Саша сияқты қорықпаса да, күн шеңбері туралы бірнеше рет оқып және оның себептерін жақсы білсе де, осындай сирек кездесетін табиғи құбылыс алдындағы қобалжуды басынан кеше тұрып, бір сәтке болсын оны өз көзімен көргеніне іштей дән риза болды.

Күректерін жерге тастай салып үшеуі де сыйқырланған кейіпте күннен көз алмай қарап қапты.

Қосаяқ! Қосаяқ қашып кетті! - деген Әбдіхалықовтың сасқалақтаған дауысы шықты.

– Қашып кетті ме? Оның қалай қашып кетуі мүмкін?! - деді Лейб таң қалып. Бірақ, Әбдіхалықовты алдау қиын болды. Ол бұрын геодезиялық рельс жатқан жерге жақындап, еңкейді де, бір нәрсені мұқият бақылай бастады. Содан кейін ол ренішін білдіре ернін жымырды да, Лейб тұрған жаққа бұрылды. -Жақсы емес, шебер! Әбдіхалықов ақымақ емес, бірақ!

– Ал менің бұған не қатысым бар?

Қатысың ба? Шұңқырға шыта бөлігін тастадың?! Қосаяқ шыта арқылы жорғалап, секіріп, секіріп, жоқ болды!

– Ол мен емес, Әбдіхалықов. Мүмкін ол өзі түсіп кеткен шығар? - деді жайлап қарсыласқан кейіп таныта Лейб.

– Өзі ме? Не, шытаның аяғы бар ма екен?! Жоқ, әрине! Ал мына аяқ кімдікі екен? А?! Тек шебердікі! – деді Мұртаза айыпталушыны өтірік айтып ұстаған прокурордың ырғағына сала дауысын қатаңдатып және саусағын жаңа қазылған жерге қырық бесінші өлшемді етіктің ізіне нұсқай тұрып.

– Аб*! Жарайды қосаяқ жоғалсын... жұмыс... дегенмен! Ол қадалған түрде жаңа қазылған жерге отырды да, назарын беріге бұрып.

– Мұртаза, сен дәл қыздарға ұқсап ренжейсің. Бұл сенің қарныңның ашқандығынан да шығар, – деп тақырыпты әзілмен өзгертуге тырысты. – Қаласаң, кешкі ас кезінде маған асханаға кел. Мен саған өз үлесімді берейін. Жарайды ма?

– Жоқ, жарамайды!.. Қосаяқ қайда?

Қосаяққа келетін болсақ, мен ешқандай шытаны тастамадым! Сенбесең, Белозеровтан сұра.

– Дәл солай, Мұртаза! Шебер де менің қасымда тұрып, күн шеңберін бақылады, - деп Белозеров оның бейкүнә өтірігіне куәлік етті.

– Күн Галясы, күн Галясы! Не, Әбдіхалықов қыз ба еді соншама? Кім ол шытаны тастаған? А?! – деп ол тағы да кейіген түрде Лейб жаққа сұстана бір қарап қойды.

– Білмеймін, Мұртаза. Оданда жұмыс істейік, уақыт өтіп жатыр, – деген  Лейб күректі жерге күшпен қайырды. Біраз уақыт Әбдіхалықов Белозеров пен бірге Лейбтің күрш-күрш жерді қазған күректерін үнсіз бағып тұрды да, «не болса да кірісейін» дегендей орнынан тұрып, жұмыс қолғаптарын киіп, күрегін алып, жұмысқа кірісіп кетті. 

Ал сонау бұлтсыз Қазақстанның мөлдір аспанында, көпке дейін Зенитке ұқсас, үш күн асылып тұрды. 

Үшеуіне бір-бірден.

Израиль. Ашдод қаласы

Қазақшаға аударған Айнұр Құмарханова

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...