Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

Жаңалықтар
2507


Қасым-Жомарт Тоқаев


Н. Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сағат 12:00-де ант береді


Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17.05.1953, Алматы) - Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (2013 жылдың 16 қазанынан бастап).

Әкесі Тоқаев Кемел Тоқаұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысында ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. 

Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

1970 жылы Қ-Ж. Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсті. 5-курста КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық машықтамаға жіберілді.

1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралды. 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтындағы 10 айлық тіл курстарына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына аттанды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды. 1991 жылы Мәскеудегі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының дипломатиялық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына түсті.

1992 жылы Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылдың наурыз айында Премьер-министрдің орынбасары болды. 1999 жылдың қазан айында Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2007 жылдың қаңтарына дейін Сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істеп, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

Сыртқы істер министрі лауазымында Қ-Ж. Тоқаев, тұтастай алғанда, 10 жыл еңбек етті (1994-1999, 2002-2007).

Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың 1995 және 2005 жылдардағы шолу конференцияларына қатысқан. Ол 1996 жылы Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ), ал 2005 жылы Семейде – Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа (ОАЯҚААШ) қол қойды.

2003 жылы теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдер министрлерінің Халықаралық конференциясына төрағалық етті. Конференцияда Алматы іс-қимылдар бағдарламасы әзірленді және теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдердің Алматы декларациясы қабылданды.

Қ-Ж.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының он сессиясының жұмысына белсене атсалысқан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңестерінің Төрағасы болып сайланған, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангіне ие.

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президенті болып сайланған.

Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін біледі.

Сүйікті ісі 

Белгілі саясаткердің хоббиі – кітап оқу. Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді сүйіп оқиды.

Бұған қоса, өзі де 9 кітап пен халықаралық қатынас мәселелері туралы көптеген мақаланың авторы.

"Твиттер" белсендісі

Белгілі саясаткер "Твиттер" әлеуметтік желісін белсенді қолданатындардың қатарынан. Елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға қатысты пікірін желіде үнемі білдіріп отырады. Жуырда оқушыларға бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқытудың қажеті шамалы екенін, ең әуелі, қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек екенін жазған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы 

Үйленген, баласы Тимур Тоқаев 1984 жылы Мәскеуде туған, Швейцариядағы "Коллеж дю Леман" және Вебстер университетінде білім алған. Саяси ғылымдар кандидаты. Жары Надежда Тоқаева 1957 жылы туған, Мәскеу тарих-мұрағат институтының түлегі.

"Мәдениет порталындағы" Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке парақшасын көріңіз


author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...