Алматыда жасөспірім ойнап жүріп мұз астына түсіп, қаза тапты

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1237

Алматы облысының Жамбыл ауданында Үмбетәлі ауылында мұз үстінде ойнап жүрген жасөспірім мұз жарылып,  суға батып кетті. Оқиға орнына ТЖМ және РЖҚЖ құтқарушылары келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төрт бала ойын кезінде жұқа мұздың үстіне шығып, суға түсіп кеткен.

Жақын жерде жүріп көріп қалған балықшы бірден көмекке жүгіріп, үшеуін құтқарып қалды. Төртінші баланы құтқару мүмкін болмады. Оның денесін сүңгуірлер судан шығарып, полиция қызметкерлеріне берген.

ТЖМ кезекті рет су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салып, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ жұқа мұзға шықпауға шақырды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ведомствоның мәліметінше, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чан мен ресейлік танымал рэпер MiyaGI-дің кездесуі желіде қызу тал...