Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Жаңалықтар
909

Бүгін Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы»  атағын берді


Қазақстан Президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде алғашқы шешімі ретінде Елбасы Н.Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын, «Алтын жұлдыз» белгісін табыстайтынын мәлімдеді. 


«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін», деді Қ.Тоқаев.



Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...