Джон Голсуорсидің «Екіжүзділердің аралы» - біздің ел болды

ӘДЕБИЕТ
4458

Елдегі болып жатқан соңғы оқиғалар маған Джон Голсуорсидің «Екіжүзділердің аралы» романын еске түсірді. Бұл символдық роман - ағылшын классигінің ең батыл туындыларының бірі. Шығарма атауының өзінде үлкен жинақы мағына бар.

Соңғы отыз жыл ішінде ұлттық мінезінен, рухынан айырылған Қазақстан мемлекетін де екіжүзділердің аралына теңеуге болады. Екіжүзді саясаткерлер, екіжүзді діншілдер, екіжүзді өнер адамдары.. халықты аздырып-тоздырып бітірді. Біздің билік те екіжүзділіктен басқа мына тығырықтан шығатын жол таба алмай отыр. Ең қорқыныштысы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде біз советтік дәуірдегі жағымпаздардан, алаяқтардан, тоғышарлардан жүз есе қауіпті екіжүзді ұрпақты тәрбиелеп шығардық.

Әлдекімдер, билік өзгерсе елімізде жұмақ орнап, өркениетті елге айналатынымызға имандай сеніп жатыр. Өтірік әңгіме. Жалған арман. Бос қиял. Қоғамда екіжүзділердің билігі үстемдік етіп тұрған заманда бізде ештеңе де өзгермейді. Қайта керісінше, бәрі бұрынғыдан мың есе күрделеніп, батпаққа бұрынғыдан да бетер бата түсеміз.

Амангелді Кеңшілікұлы

author

Амангелді Кеңшілікұлы

СЫНШЫ

Жаңалықтар

Жаңаөзенде 11 жастағы оқушы қыз сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті. Енді халықаралық ғылым...