Қосшы қаласының тұрғыны, Ұлы Отан Соғысы ардагері Нұрқасым Әжітаев ақсақал өз дауысын берді, деп хаб...
ЖАСАН НЕ ҮШІН АКАДЕМИК БОЛУЫ КЕРЕК?
"Жасан Зекей не үшін академик болуы керек?" деген сауалдың түйінін тарату үшін, өнер мен ғылымға берілетін баға тым майдаланып кеткен, себебі еңбектің өз адамына берілмей келе жатқанын ескерсек жеткілікті.
Бүгінгі таңда екінің бірі ғылым кандидаты, профессор, мемлекет қайраткері. Ғылым мен еңбекке берілетін адам рухынан сауылған құндылықтың атын аяқ асты қылып жіберді. Әрине атақты болу тұтас қазаққа қаншалықты керек? Қазақ сол атақты болғаны үшін бағы жанды ма? Жоқ.
Айтайын дегенім, ШЫН еңбек пен ғылымның өз адамына қандай атақ берсе де жарасады.
Түркі әдебиетінде "Оғыз Ахметтің өмір жолы" деген повесть бар еді. Түркі халқының еңбекқорлығын сипаттаған дүние болатын. Бір кездері сол жақтағы тұтас қоғамның беріліп оқитын шығармасы болған. Қат-қабат келген қиыншылықтарға қарсы жүзген Ахмет 20 ғасырдағы Түркия халқы дөп келген ауырлықтарға мойымайтын қайсарлығын көрсетті. Адам саны мол, жері шағын ел болуына қарамастан, жаһандануға сай реформалар жасалып, жұрт абдырап қалған кез тұғын. Бұл шығарма Түркия халқының ерік пен жігерінің мығым екенін көрсетеді. Өмір майданында құрыштай шыныққан кейіпкер сол кезде 80 миллион халыққа үлгі болып, олардың адал еңбек пен ғылымға талпынуына серпін берді. Сол үрдіс бүгінде өз ықпалын беріп келеді.
Жасан Зекей туралы шағын мақалаға неге жоғарыдағы шығарманы кіріктіріп отырмыз? Себебі, еңбектің мүддесі мен мұрат жолы – бір. Жасан Зекей шын ғылымды меңгерген білікті де білгір маман, кез -келген атаққа лайық тұлға. Өз саласында сан тарау биіктерді бағындыруы аты затына сай дәрігер екенін көрсетеді. Жасан медицина ғылымдарының кандидаты және академик.
Ол ҚХР Толы ауданында өсіп-өніп, тәуелсіздік алған жылдары елге оралып, өз мамандығын өркендеткен. Шекарадан алғаш өткенде анасы Шәрипа атажұрттың топырағынан уыстап, кемсеңдеп жылағаны бар. Бұл әрине тұтас сырттағы қандастарға отанның бір шымшым топырағы алтыннан қымбат екенін аша түседі. Сұңғыла әже осылайша тарихи оқиғаның жан күйлері болып қалған. Демек, осындай парасатты ананың үлгімен көрсеткен тәрбиесі Жасанға жасынан дарып, отаншыл рухқа бейім болған. Көп сөйлемейтін, сөйлесе ағынан жарылатын кесек мінезді әже текті адам екенін ауылдастары айтып отырады. Сол алғаш шекарадан өткен сәттер Жасан үшін сәулелі сәттерінің бірі болып қала берген. Кейін көзі ашық, санасы ояу Шәрипа апаның «Сөнбес сәуле» атты кітабын шығарды. 2004 жылы "Жас-ай медициналық орталығын" ашып көптеген жетістіктерге жете отырып, 2018 жылы Шымкенттен филиялын ашқан. Себебі аталмыш орталықты жұрт керек етті. Халықтан сұраныс артты. Алматыға алыстан алқына шапқаннан гөрі сол өңірден барған қолайлы. Сол жердің халқы дәрігерді "Алтын инелі - алтын азамат" деп өз құрметтерін аңғартып жатса керек.
Қашанда отаншылдық пен қайырымдылықты бірінші орынға қоятын Жасан мырза көп шарулар тындырған. 14 жыл көлемінде орталық 80 мыңнан астам ауыруды емдеп, оның 15 мыңнан астамына тегін қызмет көрсеткен. 5 мың отбасының бала сүю бақытына себеп болған, 7 мың сал бала аяғынан тік тұрып жазылған. Инсультке шалдыққан 4 мың бала қалпына келген. Бел, омыртқа сүйегі жарылған тағы 2 мың науқас отасыз ем қабылдап сақайған.
Оксфорт мойындаған қазақ ғалымы Жасан Зекей атағы алысқа кеткен дәрігер. Ел ішіндегі мақтауларды айтпаған күннің өзінде бүгінде дүние жүзілік деңгейге көтерілген. Оның бір дәлелі Вена халықаралық университеттің профессоры болып бағаланғаны. Бұл атақты әл-әзір қазақтан жалғыз өзі алып отыр.
Белгілі философ Ғарифолла Есімов: "Жасан халықшыл, мәрт, тіл жанашыры. Орталықтары шығын болғандықтан кезекке тұратын адам мол, кейде кері қайтаруға тура келеді. Әрине, мұндайда Үкіметтен қолдау керек, ол қолдау Жасанға емес, орталықтың кешенді жұмыс атқаруы үшін халыққа керек. Ал Жасанның халыққа жасаған еңбегі ұшан-теңіз!", – дейді.
Баршагүл Тұраров қол-аяғы ісіп жүруден қала бастаған соң осында келіп емделіп шипа тапқан. Екі курстік емделудің есебінде жазылып, жұмысқа шығып кеткен. Жәнәділ Ақерке атты ел тұрғыны 10 күн ем алып, бала көру бақытына ие болған. Жасан мырзаға осы ксілерден басқа да алғыс айтатындар көп.
2018 жылдың көктемінде "Жасай медициналық орталығымен" мен ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған шетелден келетін 30-ға жуық дәстүрлі емес медицина өкілдері, ғылым докторлары, академиктер шақырылды. Бұл шараның қазақ емдеу тәсілдеріне берген құндылығы мол болды. Бруссельден Еуропа қауымдастығының президенті Vinsenzora "Мейірімділік елшісі" сыйлығын берді. Бұл Жасан мырзаның тынымсыз еңбегінің бір көрінісі.
Тамыр ұстау арқылы бойдағы кінәратты айтып беретін Жасан өз сөзінде: "Шығыс Тибет алтын инемен емдеу медицинасының ерекшелігі – бір ауыруды емдесе екінші ауыруды тудырмайтындығы. Демек, бұл шараға ұйытқы болуым ХХІ ғасырда әлемдік озық емдеу ғылымының тетігін Қазақстанда жүзеге асыру", – дейді.
Жасан мырзаны білетін жұрт дегдар тұлға екендігін айтады. Көп жылдар бұрын "Өмірді қорғау" қорын құрып, көптеген игі шаралардың басында жүрді. Мұның бір талын ғана айтар болсақ, Оңтүстік жақтың Бәйдібек, Ақбастау ауылының тұрғыны, ақын қыз Элмира Өмірбекованың кітабінің шығуына көмек беріп, арнайы Алматыда кешін өткізген. "Нұрлы көш" деген байқау жариялап, қазақ көшінің жанашыры болумен қатар, республикалық айтысты ұйымдастырды.
2017 жылы Жасанның «Бел омыртқа аурулары», «Акупунктура» деген екі кітабы шығып, мектеп оқулықтары мен колледждерге оқу құралы ретінде таратылды. Сонымен бірге журнал шығарып, осы саланың дамуына күш қосып келеді. Мына ғасырдың өркендеуі мен даму кезеңінде "Жасай медициналық орталығы" қазақияның алтын діңгегі болып қалары даусыз!
Серік БОҚАН