Жазушы Орхан Памуктың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтар
1849

Нобель сыйлығының иегері, жазушы Орхан Памуктың Коч Холдингке тиесілі «Yapı Kredi Yayınları» баспасында жарық көрген «Оба түндері» кітабына Мұстафа Кемал мен Түрік туына тіл тигізді деген айыппен тергеу басталды, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».

Түркия Республикасы, Измир қаласындағы адвокаттар алқасында тіркелген адвокат Таржан Үлюк Измир Бас прокуратурасына арызданып, Орхан Памукқа қарсы қылмыстық іс қозғады. Үлюктің прокуратураға берген өтінішінде автор Орхан Памуктың «Оба түндері» атты кітабында Мұстафа Кемалды балағаттап, халықты өшпенділік пен дұшпандыққа итермелегенін алға тартады.

Алайда Орхан Памук баспасөз мәлімдемесін жасап, өз-өзін қорғауға тырысты. Жазушының айтуы бойынша, романда «Мұстафа Кемал Ататүрікке ешқандай құрметсіздік жоқ. Керісінше, роман осы азаттық және қаһарман басшыларға құрмет пен таңданыспен жазылған. Мұны кітапты оқығандар анық байқай алады» дейді.

Әзірге аты мәшһүр Орхан Памуктың шығармасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мән-жайдың қалай болары һәм қандай шешім шығарылатыны белгісіз.

Айта кетейік, Түркиялық жазушы Орхан Памуктың бес жыл бойы жазған "Оба түндері" атты ағымдағы жылдың наурыз айында оқырман қауымға жол тартқан болатын. 

Оқи отырыңыз: Орхан Памук. «Оба түндері» атты жаңа романының суреттері

madeniportal.kz

author

Орхан Памук

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың шағымына қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды m...

Жаңалықтар

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа кітапханалар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды madenipo...