Танымал жаттықтырушы астана тұрғындарына тегін онлайн-дәріс өткізеді

Жаңалықтар
1321

Карантин енгізілуіне байланысты астаналық тұрғындардың көпшілігі аспаздық, тігін, би және спорт жаттығуларына арналған онлайн-дәрістерге көп ден қоя бастаған, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Карантин енгізілуіне байланысты астаналық тұрғындардың көпшілігі аспаздық, тігін, би және спорт жаттығуларына арналған онлайн-дәрістерге көп ден қоя бастаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қазақстандағы Street Workout мектебінің негізін қалаушы әлеуметтік желі арқылы төзімділік пен жылдамдықты арттырып, бұлшық еттерді жаттықтыруға арналған онлайн-дәріс өткізеді. Street Workout бойынша әлемнің және ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Айтым Жакупов "Біз біргеміз" акциясы аясында елорда тұрғындарына тегін спорттық онлайн-дәріс ұйымдастыратынын айтты. "Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын. Осы челленджді еліміздің барлық спортшыларына жолдаймын. Біз бірге үлкен күшпіз. Біз біргеміз",- деді Айтым Жакупов. Спортшының айтуынша, спорттық онлайн-дәрістер оның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында (@aitymzhakupov) апта сайын өткізілетін болады. Індетпен күресіп жатқан осынау қиын-қыстау уақытта танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, танымал спортшылар мен блоггерлер барша отандастарымызды қолдап онлайн-дәрістер өткізуде, көңілге медеу беретін жылы лебіздерін жолдап, ән жазып, әлеуметтік желілерде жазбаларын арнауда.



Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қазақстандық трансгендердің соққыға жығылған видеосы  тарады, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп...