«...НЕМЕРЕНІ СЫРШЫЛ КӨҢІЛМЕН СҮЙМЕСЕҢ...» (З.Төлеуовтің бір әңгімесіне орай)

ӘДЕБИЕТ
2539

Қазір мерзімдік баспасөзді ашып қарасаң да, сайттарға назар сала үңілсең де - әредік тақырыбы «айқайлап» тұратын үлкенді-кішілі көркем әңгімелерді көзің шалып қалып, қанша кежегелеп-тартынсаң да, көңіліңді арбап алып, оқымасыңа қоймайды. Тақырып, шамасы, әңгіменің бастапқы шақырушысы! Ал, бүгін біз бір деммен, бас алмай оқып шыққан әңгіме мүлде олай емес, қарапайым ғана, еш арбауы жоқ тақырып. Қыз атымен аталады: "Келбет!"

Авторы дейсіз бе? Заман Төлеуов деген қаламгер. Шығарма «Мәдениет порталына» жарияланыпты. Расын айтып бастайын, әуелде көңіл ықыласын жығып беріп, шұғыл оқып шығуға ынтықсам да, бұл жайында бірнеңе жазармын-ау деген титімдей ой болған жоқ – алқаусыз ақиқаты сол! 

Алайда, көркем дүние өзіне түсініксіз күймен тарта түсті де, жолдан жолға ауысып, тоқтаусыз сыдыртып барып, аяғына жеткенде кеудеде әлдебір сартап сезім қалқып тұра қалғаны. Ата мен әже... Келбет есімді немере... Өз ұрпағына деген аталық махаббат... Өз жеткіншегінің асты-үстіне түсе беретін әжелік мейірім... Жер бетінде пенде үшін алаулап тұрған оттан да асып түсер, одан да бетер ыстық болып көрінер не зат бар деп сұрасаң, екінің бірі «немере қызығы» дейтініне мына мен куә! Жазушы сол пендәуи ыстық сезімді мөлдіретіпті, мөп-мөлдір қалпында алдыңызға тоса салыпты. Келбеттің әрбір қылығын, әрбір тәтті әрекетін суреттеген сайын сіздің де жан әлеміңізде өзіңіздің немереңізге деген тұншыққан алапат сезім- дауылы буырқанып ала жөнеледі- не үшін және кім үшін өмір сүріп келе жатқаныңыз көңіл көкжиегінде ғажайып көрініс болып бұраңдап-ойнақтайды. 

Жазушы әредік сөзбен сурет салады: «...әженің көз жасы дайын екен, сорғалата салды..», «...тізесін басып тыныштандырды...», «...қолын ұсыну орнына артына жасырды ...», т.б. Ең бастысы – немере мен ата-әже арасындағы таңғы шықтай тап-таза мейірім бұл әңгімеде барынша айшықтала, көркем қалпымен мен мұндалап тұр. Жазушының жетістігі де сонда! Бізді еріксіз қаламға жетелегені де сол шынайылық...

Жолтай Әлмашұлы

author

Заман Төлеуов

ЖАЗУШЫ

Үкімет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің жылумен жабдықтау жүйесі...

PESTEL

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде орын алған ауқ...