ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЛ КОМИТЕТІ “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН...
Бейпіл сөздер
Жауапты редакторы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Сейіт Қасқабасов
Ел аузынан жинаған, алғы сөзімен, түсініктемесін жазған филология ғылымдарының докторы Ақселеу Сейдімбек, редакторы Жүнісбаев Нәби, суретші Мақпи Қ.
Кітап "Темірқазық" ғылыми-өндірістік фирмасының қаржысына шығарылған.
Бейпіл сөздер
Қазақтың эротикалық фольклоры
Ұлы сөзде ұят жоқ.
Қазақтың эротикалық фольклоры жұртшылық назарына тұңғыш рет жинақ түрінде ұсынылып отыр. Жинаққа енгізілген эротикалық фольклор үлгілері өзінің дөрекі (эпатер) бейпілділігімен белгілі қалыптан шығып кеткендей болып көрінгенімен, халық мұрасы ретінде түсіністікпен қарауды қажет етеді. Бұл тұрғыдан келгенде "Бейпіл сөздер" жинағы ғалым-зерттеушілерге ғана емес, сонымен бірге оқырман қауымға да ден қойдыруға тиіс.
Жинақтағы мәтіндер фольклорлық мұраны жинаудың, хатқа түсірудің қалыптасқан эдициялық тәртібі бойынша басылып отыр. Сондай-ақ, әрбір фольклорлық нұсқаға түсінік берілген.