Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры әр жыл сайын көрермен талғамы мен қызығушылығына сай, қазіргі та...
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры республикамыздағы үлкен өнер ордаларының бірі. 1932 жылы құрылған. Алғашқы артистері ҚР халық артистері Ж.Шашкина, Р.Қойшыбаева, М.Сүртібаев, А.Мұсабекова, Н.Атаханов, ҚР еңбек сіңірген артистері З.Көшкінбаев, Ә.Шәймерденов, Т.Жабаев, артистер Ү.Әбеуова, Ө.Мананбаев, Т.Сағынтаев, К.Мустафин, Н.Жабаев, М.Баязитова, Қ.Ахметова, А.Жетімтаев, Қ.Мустафина, К.Көлбаева, К.Ғабдуллина, М.Мұқатаева, Қ.Нұғыманов, М.Николаева, Б.Құскеева, Т.Әбілқасымов, А.Салықов, Н.Жүнісов, С.Жүнісовтер болды. Кейіннен арнайы оқу орнын бітіріп ҚР еңбек сіңірген артистері З.Жақыпов, А.Ыбыраев, М.Әбдікәрімов, Қ.Әлімбаева, Ө.Асылбеков, Е. Жүнісбеков, ҚР халық артистері Қ.Сатаев, Ә.Абылаева, ҚР еңбек сіңірген артистері Ш.Жүнісов, Р.Омарханова, Т.Қосыбаева, Ә.Молдабеков, Б.Имашева, Қ.Жетімтаева, К. Жұмабеков, С.Қажымұратов, Р.Баймағанбетов, Қ.Асқарова, ҚР Мәдениет қайраткерлері Г. Рашкалиева, Ж.Қыстаубаева, А.Жукин, Б.Қапжапаров, М. Қисықов, Ғ.Арынов, Ш.Нукина, Н.Жансүгірова, М.Садықанов, С.Тәжібаев, Р.Тәжібаева, С.Бекболатов, А.Бекболатова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-Қ.Кемалов С.Жұмағали, К.Қожахметова, Б.Кемалова, З.Абдыгалыкова, А.Ахметкалиева, Қ. Жырымбаева, Б. Ахметовтер келіп қосылды.
Театр репертуары өте бай, сан қырлы, әр алуан. Мысалы, Еврипид, У.Шекспир, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ш.Айтматов, Е.Разумовская, Н.Островский, Ш.Мұртаза, Ә.Әбішев, Д.Исабеков, С.Балғабаев т.б. драматургтардың озық ойлы шығармалары орын алған.
Театрда Н.Кемалов, Шнейдарман, Е.Федоров, Серебрянников, М.Қосыбаев, М.Қамбаров, Т.Тұңғышбаев, Ж.Омаров, А.Сәлімбаев, Е.Тәпенов, Ж.Есенбеков, М.Бекқожин, Ә.Оразбеков, Ә.Құлданов сияқты т.б. режиссерлер еңбек етіп, театр биік белестерге көтеріліп келді. Қазіргі таңда театрдың директоры С.Бекболатов – ҚР Мәдениет қайраткері, көркемдік жетекшісі Д.Еспаев – ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, режиссерлер ҚР Мәдениет қайраткерлері С.Жұмағали, А.Қырықбаевтар. Қоюшы суретшілер М.Мақсұтов, Я.Федоров, Президент стипендиясының иегері Қанат Мақсұтовтардың еңбегі орасан, суретшілер Ж.Садырбеков, Т.Аккерт, И.Ибрашевалар еңбек етуде.
Театр артистерінің жан-жақты болуы үшін өз қолтаңбасы бар режиссерларды шақыртып үлкен өнер мектебінен өткізіп отырды. М. Әуезов атындағы Академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық артисі, профессор Е.Обаев, Қазақстанның халық артисі, профессор М. Байсеркеұлы, Мемлекеттік неміс театрының көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Атабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Оганесян, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі режиссер, Көкшетау облыстық сазды драма театрының көркемдік жетекшісі Қ.Қасымов, Азербайжан мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы- режиссері М.Микаилов, Россиядан өнер тану ғылымының кандидаты Д.Арынгазиева, Б.Бенальо (Италия) сынды режиссерлар театрдың көркемдік дәрежесін көтеруге үлес қосты.
1982 жылы ұжым көп ұлтты театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін және 50 жылдық мерейтойы құрметіне Халықтар Достығы Орденімен марапатталды.
Бұл күнде театрда талантты актерлер: Б. Киекбаев, Б.Әукешова, Д. Еспаев, А. Қырықбаев, Б.Бәкіжанов, Р. Қошжанов, Б. Сүлейменов, М. Қойшығарин, Қ.Жарылғапова, жемісті еңбек етіп жүр. Болашағынан мол үміт күттіретін артистер М.Ануар, Д.Айғазинова, Д.Заитова, Г.Базарбаева, Д.Молдабаев, А.Мұқышев, Қ.Жагипаров, Б.Жагипаровалар, М.Маликов, Л.Шыназарова, Т.Садықов, М.Матамова, Б.Абилов, О.Абдрахманов, Г.Белгібаева, К.Усимбаева, Г.Дюсембековалар театрдың келешегі.
Міне, осындай талантты актерлардың еңбегі бағаланып Үкіметіміздің жоғарғы сыйлығына ие болды:
1993 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Р. Баймағанбетов
1996 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі К. Жұмабеков
1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Е. Жүніспеков
2000 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ә. Оразбеков
2001 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалі Н. Жансүгірова
2001 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалі А. Ахметқалиева
2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы Қ. Кемалов
2002 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Б. Мақсұтова
2002 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Д. Еспаев
2006 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ. Кемалов
2012 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалі иегері М.Қисықов
2014 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалі иегері Б.Ахметов
Театр көптеген Халықаралық және республикалық фестивальдерде жеңімпаз атанды:
1985 жылы Петропавл қаласындағы аймақтық фестивальде С.Н.Бекболатов А.Бектің «Волоколамск тас жолы» спектакліндегі Петр Заев рөлі үшін бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды .
1986 жылы С. Жүнісовтың “Өліара” драмасы үшін (реж. Е. Тәпенов, суретші М. Мақсұтов, арт. К. Жұмабеков, С. Қажымұратов) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
1995 жылы Жезқазған қаласында өткен Ұлы Абайдың мерейтойында К. Жұмабековтың “Замана неткен тар едің” спектаклімен (режиссеры Ә. Оразбеков, суретшісі М. Мақсұтов) республикалық фестивальге қатысып, Абай ролін сәтті орындаған С.Жұмағали күміс медельға ие болып, Әбіш ролін сомдаған театр артисі Д.Еспаев «Ең үздік эпизодтық ролі үшін» номинациясын жеңіп алды.
1996 жылы Ж. Жабаевтың 150 жылдығына арналған республикалық фестивальде Ә. Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” спектаклі жүлделі ІІ- орынды жеңіп алды.
1997 жылы М. Әуезовтың 100 жылдығына арналып Алматыда өткен Халықаралық фестивальде театр ұжымы М. Әуезовтың “Қорғансыздың күні” спектаклі (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі ІІ- орынды жеңіп алды.
1998 жылы Тараз қаласында өткен республикалық театр фестивалінде Ш. Айтматовтың “Әділет азабы” спектаклі (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) театр артисі М. Қисықов “Ең үздік эпизодтық ерлер рөлі үшін” номинациясын жеңіп алды.
1999 жылы республикалық театр фестивалінде театр ұжымы Г. Гориннің “Атың шықпаса” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) Бас Жүлде – Гран При жеңіп алды.
2000 жылы Павлодар қаласында И. Байзақовтың 100 жылдығына арналған театр фестивалінде М. Ғаппаров, Ғ. Ғаппарованың “Қиямет қайым Киото” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі І-орынды жеңіп алды.
2000 жылы Мысырда (Каир) өткен экспериментальдық Халықаралық фестивальде Египет мәдениет министрлігінің арнайы жүлдесіне ие болды.
2001 жылы Қызылжар қаласында өткен республикалық фестивальде Ш. Мұртазаның “Домалақ ана” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі ІІІ-орынға ие болды.
2004 жылы Қостанай қаласында өткен кезекті театр фестивалінде театр ұжымы Е. Разумовскаяның “Медея” спектаклімен (реж. Ә. Оразбеков, суретшісі Қ. Мақсұтов) жүлделі ІІІ-орынды жеңіп алды.
2006 жылы Астана қаласында өткен республикалық фестивальде Ш. Айтматовтың “Ана – Жер Ана” спектакльімен (реж. Ә. Оразбеков, сур. Қ. Мақсұтов) “тарихи тақырыпты игергені үшін” номинациясы бойынша жүлдені жеңіп алды.
2009 жылы ХVII Республикалық театрлар фестивалінде М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы үшін Гран приді жеңіп алды.
Театрдың 75 жылдығы 2007 жылдың 29 мамырында өткізілді.
2007 Беларусь Республикасы, Минск қаласы ІІІ Халықаралық театр фестивалі Ш. Мұртазаның «Домалак Ана» спектаклімен қатысты.
2009 Түркия қаласы, Трабзон қаласы Халыкаралық театр фестивалі Ш. Мұртазаның «Домалақ Ана» спектаклімен қатысты.
2010 Египет Араб Республикасы, Каир қаласында 23 Халықаралық эксперименталдік театр фестиваліне барып қайтты.
2011 Украина, Крым қаласында «Театр. Чехов. Ялта» Халықаралық фестиваліне қатысып «За яркое воплощение легенды и мифа» номинациясын жеңіп алды.
2012 ж. 1 қарашада С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының 80 жылдық мерейтойы тойланды.
2013 ж. 4-8 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласы «Монокль» фестиваліне У.Шекспирдің «Ричард III» моноспектаклімен театр актері Б.Киекбаев барып қайтты.
2013 ж. 7-13 наурыз аралығында Сербия Республикасы Белград қаласындағы Халықаралық фестиваль «Славия-2013» театрға 9 наурыз күні фестиваль шымылдығын М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен ашуға мүмкіндік алып, «Кіші Дон Кихот» марапатына ие болды.
ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Францияның Париж және Германияның Страсбург калаларында өткен ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдығына және Узеир Гаджибековтың «Аршин мал алан» опереттасының 100 жылдығына орай мерекелік шараға төрт мемлекет Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан қатысты. Қазақстаннан С.Сефуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының директоры ҚР мәдениет қайраткері С.Н. Бекболатов қойылымдағы Сұлтанбектің рөлін сомдап, өнер көрсетіп қайтты.
2013 жылдың 23-28 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өткен Т.Ахтановтың 90 жылдығына арналған ХХІ Республикалық драма фестиваліне сахналық фантазия «Қыз Жібек» лиро-эпосы спектаклімен (режиссері Д.Жумабаева) қатысып, театр артисі Д.Заитова «Ең үздік әйел ролі» номинациясына ие болды.
2014 жылдың 03-14 мамыр аралығында Түркия Республикасының Кония қаласында өткен «МЫҢ ТЫНЫС, БІР ҮН» атты Халықаралық театрлар фестиваліне С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ұжымы, Д.Еспаевтың «Келеміз.Кетеміз.Өлеміз.Өтеміз» қойылымымен қатысты. Қатысқан 10 театрдың ішінде үздік қойылымдардың қатарына енді. Фестиваль қорытындысы 2016 жылы белгілі болады, сондай – ақ әрбір қатысқан артистер Турксой грамоталарына ие болды.
«Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында» жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» аймақтық театр фестивалі 15-18 мамыр аралығында өтті. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» спектаклімен қатысты. Белсенді қатысқаны үшін Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты мен «Эпикалық ауқым номинациясы» бойынша диплом, сонымен қатар «Үздік әйел рөлі үшін» номинациясына бас кейіпкер - Таңқабике ролін сомдағаны үшін, артист Б.Аукешова марапатталды.
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы Татарстан Республикасы Қазан қаласында 2014 жылдың 15-21 қыркүйегі аралығында өткен К.Тинчурин атындағы ұлттық драматургияның VII Халықаралық Театрлар фестиваліне М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен қатысып қайтты.
Сәкен театры ұжымы 2014 жылдың қараша айының 10-12 жұлдызы аралығында Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады»атты актер өнеріне арналған I Халықаралық театрлар фестиваліне У.Шекспирдің «Король Лир» қойылымымен қатысып, театр артисі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Кеңес Жұмабеков «Актер өнеріне қосқан үлесі» номинациясымен Король Лир ролін шебер орындағаны үшін марапатталды.