1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншаға артады?

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
694

1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға индекстеледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті.

 Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5%-ға индекстеледі. 

Базалық зейнетақы мөлшері кезең-кезеңімен артады.

2025 жылға арналған республикалық бюджетте 42 түрлі әлеуметтік төлемдер бойынша 6 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл биылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп.

Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алады. 

«Балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 млрд теңге қарастырылған. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасады. АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін азаматтардың шығыстарын ескере отырып қайта қарау шеңберінде бұл көмек Цифрлық отбасы картасы және мемлекеттік әрі мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграциялау арқылы трансформацияланады»,- деді Н.Байбазаров.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...