Димаш Құдайбергеннің 29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін концертіне жалған билеттер сатылып жаты...
Алина Кабаева нақсүйеріне егіз ұл тауып берді – БАҚ
4195
Олимпиада чемпионы, ресейлік танымал спортшы Алина Кабаева 7 мамырда Мәскеуде егіз екі ұл тапты, деп хабарлайды Рамблер.
Кабаеваны ең мықты деген мамандар босандырып, жейтін тамағы аса қымбат мейрамханалардан жеткізіледі.
Баспасөзден тым қатты тығылып өмір сүретін Алина Кабаева туралы алып-қашпа өсек-аяң әңгімелер жиі айтылады. Алты жыл бұрын Кабаева бір журналистке берген сұхбатында ешқашан бала тумағанын айтқан болатын.
"Егіз ұлдың салмағы, аты-жөні белгісіз. Кабаеваны ең мықты деген мамандар босандырып, жейтін тамағы аса қымбат мейрамханалардан жеткізіледі. Оның палатасының есігіне күзет қойылып, бөтен ешкімді кіргізбеген", – деп жазады dom2life басылымы.
Кабаеваның жақын-туыс, дос-жарандарының ешқайсысы бұл ақпаратты растауға әзірге батпай отыр. Алинаның жанындағы көмекшілердің бірі бұл туралы ештеңе айта алмайтынын жеткізген.
Алина Кабаева биыл 36 жаста.