Сәдібек Түгел сайлауалды бағдарламасын жария етті

САЯСАТ
2668

ҚР Президенттігіне үміткер кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасы жарияланды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". 

«Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлау додасына түсіп отырған Сәдібек Түгел ешқандай партияға қатысы жоқтығын алға тартады.

Ана тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ол барлық жерде тек мемлекеттік тілде сөйлеуге бекінген. 

«Ұлы Дала Қырандары» халықтық қозғалысының ұрандары мен ұстанымдары: 

«Ұлағатты ұрпақ - ұлттық ұстаным!» «Ауыл - алтын бесігіміз!» 

«Жемқорлыққа тосқауыл қоямыз!» 

«Біз қырандармыз - біз біргеміз!» 

«Жер - жанымыз, тіл-тұғырымыз!» 

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысы ар-намысқа, демографияға, шет елдерде тұратын қандастарымыздың атамекенге емен-еркін келулеріне, мемлекеттік тілдің мәртебесін өз деңгейіне жеткізіп, толық қолданысқа енгізуге, Алашорданың идеяларын жаңғыртуды қолға алуға, жемқорлықпен күресті пәрменді жүргізуге, «Билер сотын» енгізуге зор көңіл бөлмек.

author

Сәді-Бек Түгел

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...